Еркетай есімді Еркеғали / Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него.












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация



Еркетай есімді Еркеғали

Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Еркетай есімді Еркеғали

Мектепке дейін және мектеп жасындағы балаларға арналған кітап

Қазақстан Республикасы Әділет минстрлігінің зияткерлік меншік жөніндегі комитеті

2006 жыл 1 желтоқсандағы зияткерлік меншік нысанының мемлекеттік тіркеу туралы № 435 куәлігі

Рецензия
Дария Жұмагелдинованың «Еркетай есімді Еркеғали» атты туындысы кез келген оқырманды бейжай қалдырмайды. Балалық шақтың керемет қызыққа толы, ғажайып, алаңсыз өмірі, бір жағынан баланың аялауды қажет ететін, үнемі мазасыз күй кешіретін сәттері оқырманды оқиғамен бірге еріксіз жетелеп әкетеді.
«Еркетай есімді Еркеғали» повесінде басты кейіпкер Еркенің жасаған қылықтары мен ақыл-парасаты арқау болады. Тақырыбы жалықтырмай алып кетеді, тіпті қым-қуыт оқиғасы жоқ болса да, алып-ұшып тұрған қайсар да, мейірімді де тентек, қызықшыл та сыншыл мінез-құлқы бар, бас кейіпкер Еркенің барша нәрсеге көзқарасы бәрі-бәрі де оқып отырған адамды алдандырады.
Автор кейіпкерді өмірдегі әр түрлі жағдайларға қойып, сырттан бақылап, сонан соң бақылаушының өз ұстанымын ұстай алмай әңгімелесуге кіріседі. Оны тыңдайды, түсінеді, келіседі де, келіспейді де. Түсіндіріп бағады, артынан үнемі бір түсіністікке келеді. Оқырманның өзі де әңгіменің мән-жайына байқамай араласа кететіндей болады. Өмірдегі шынайы шындық жайлы және көркемдік жағынан Еркетай образы өрнектелген.
Баланың өз қатарларымен, үлкендермен өзара түсіністігі тым қиындап кетеді. Ол тіпті өз құрдастары көңілін қалдырса да түсіністікпен қарады. Бір жағынан үлкендерді түсінгісі келгенімен ол да оңай емес екен. Еркетай өзінің, үлкен адамдардың әрбір сөз пайымына, істеген істеріне зер салып түсінуге тырысады. Басты кейіпкердің әлеміне енген жас оқушының өзі де Еркемен бірге ер жетіп, бірге өмірді тани алады.
«Қараңдаршы, айнала толы таңғажайып қызықтар, таңданудан тайсалмаңдар!» – Д.Т. Жұмагелдинованың басты өсиеті біздерге осыны айтып тұрғандай. Сонымен қатар, автор өз елінің азаматы. Ол адамдардың бүкіл әлемді жанындай жақсы көретінін қалайды. Әрине, автордың осынау белгілі бір азаматтық ұстанымы оның ой-пікірлерінің қағаз беттеріне түсіруге, кітапқа хатталуына мәжбүр етті. Біздің көзқарасымыз бойынша, көркем шығарма тек әсерлі болғандықтан емес, әсіресе, тәрбиелік мәні, маңызы, пайдасы бар болғандықтан кітаптың баспадан шығарылуы аса қажет.
Е.А. Букетов
атындағы КарМУ-дың
орыс тілі және әдебиеті
методологиясы және практикасы кафедрасының
доценті, педагогика ғылымдарының
кандидаты

- Міне, оқу жылы да аяқталды. Мен сегізінші сыныпқа көштім. Биылғы жылы әдебиет пәнінен университетті жаңадан бітіріп келген әдемі қыз Мадина Маратқызы сабақ берді. Оған біздің мектептің бар оқушысы ғашық.
Ол біздің сыныптың бар зейінін журналистика әлеміне әбден елітіп жіберді. Біз үнемі «Достарың жайлы», «Өздеріңнің сүйікті жануарларың жайлы» мақала жазу туралы тапсырма алдық. «Мақала» деген сөздің өзі қатты қызығушылығымызды арттырды. Қыздар болса оның әрбір қылықтарын үйрену үшін артынан қалмай жүрді. Тіпті киім киісін, шаш қойысын дәл апайымыздың үлгісіндей етіп киініп жүруге тырысып бақты. Мадина Маратқызы бізді ешқашан ұрысқан жоқ. Әуелі ол ашулануды да білмейтін. Біздерге, ұл балаларға осылай назар аударса екен деп қызықтық. Сынып жетекшісі болғаны қандай жақсы болды десеңші, жолымыз болып, мектепке киіміміз үтіктелген, мұнтаздай таза болып келетін болдық. Біздерге бәрі сондай қатты қызығып қарады. Мадина Маратқызы жақсы көріп кеткені соншалықты біздермен демалыс күндері де кездесетін болды. Қыздар жағы болса арнайы киноға немесе басқа да бір шараларға шақыратын. Сонда: «Мадина Маратқызы, біз үшін қаншама уақытыңызды бөлгеніңізге өкінбейсіз бе? Жігітіңіз жоқ па, сонда қалай?»-деп таң қалып сұрағанымызда, сенгіш, аңғал кейіппен: «Жоқ!»-деп жасырмайтын. Сол-ақ екен қыздардың бәрі ағасы бар ма, туысы бар ма айттырып шыға келді. Ол ренжулі кейіппен «Менің тұрмысқа шығатын ойым жоқ»,-деді. Менің сыныптас құрбыларым қандай қатігез десеңші!
Жазғы демалысқа шығарда «Мен президент болсам...», «Мен таңдаған мамандық» атты еркін тақырыпқа шығарма жазуды ұсынды. Сол уақытта мектепке министрліктен келген бір топ комиссия мүшелері біздің шығармаларды оқып таңданып қалды. Біз қабілетімізді көрсете білсек керек, комиссия төрағасы: «Менің байқауымша, сендердің болашақтарыңна үміт күтуге болады. Бүкіл сынып түгелдей дерлік журналистика факультетіне түсе алатын түрі бар. Бір сыныпта қаншама дарын бар!»-деді мақтап. Мадина Маратқызы сол сәтте бақыттан басы айналып кете жаздады. Оны ең үздік мұғалима деп атап айтты. Суреті мектеп қабырғасына, үздік мұғалімдердің қатарына ілініп қойылды.
Мадина Маратқызы жазғы демалысқа шығарып салған кезде болашақ журналист үшін күнделік жазу болашақта мақала жазуға баулитын әдіс әрі тәрбие құралы екенін айтып, біздерге күнделік жаза жүруді ұсынды.
– Мен сендердің дарынды екендеріңді білемін! Сендердің сыныптарың мектеп бойынша шығарманы жақсы жазады. Кез келген маңызды және күлкілі оқиғаларды әңгімелей отырып, өз ойларыңды, алған әсерлеріңді қысылмай қағаз бетіне түсіріп жүріңдер. Балалық шақ жайлы естеліктеріңді ұмтылмай тұрғанда жазыңдар. Кітап жазуға тырысып көріңдер, одан әрі қызығушылықтарың арта түседі. Сендердің орталарыңнан жазушы шығатынына сенімдімін. Үздік оқушы, я орташа оқушы екеніне қарамастан жыл бойына бестік қоюға кепілдік беремін. Мен сендерді асықтырмаймын. Өздеріңді шыңдай түсіңдер. Ең үздік автор өзінің кітабын шығаруға мүмкіндік алады. Кейбір оқушылардың өз бағаларын түзетуге мүмкіндіктері болады әрі одан да ары шабыттарын шыңдай түседі,-деді мұғалима қызықтырып: – Барлығы бірдей жазушы бола бермейді. Дегенмен де, тырысып көруге әбден болады ғой.
¬¬– Еркеғали! – деді ол маған қарап: – Сенің бойыңда жанып тұрған дарын бар! Егер сен алдағы уақытта грамматикаңды жөндеп, күшіңді сынап көрсең жазушы боласың!
Мектептен сондай жақсы көңіл-күймен келдім де анама қуанышымды қойныма сыймастан мақтанып жайып салдым. Бір топ сыныптас қыздардың алдында ер балалар арасынан тек мені ғана айтқанын ерекша атап өттім. Бәрінен де бұрын қыздар қуанып қалды. Өйткені олар атақты болып шыға келеді.
Анам мұғалімнің қолдап, қуаттағанына ризашылығын білдіріп, өз ұсынысын айтты.
– Неге саған ниеттеніп көрмеске? Жазушы болмай ақ қой, оның есесіне үштеріңнен құтыласың!
Анамның ғылымға әке жағынан, ал анасы жағынан әдебиетке деген бейімділігі болған болу керек, сірә, бала күнінде журналист болуды армандапты. Менде шығарма жазудан тек бестік деген баға болғанымен, орфографиядан кілең үш алатынмын. Жасырын өлең шығарып, оны анамнан жасыратынмын. Анам жазғы демалыста үйден шығармай ұстап отыру үшін әрі ұзақ уақыт ойнап кеткенде қайдан іздеп әуре болмайын десе керек, алдыма көптеген кітаптарды қойып, оқытатын болдым деп қуанды. Бірақ та, жазушылықпен айналысуға асыққан жоқпын. Таңертеңнен кешке дейін достарыммен футбол алаңында доп тебумен болдым. Бір күні анам:
– Жетер енді доп тепкенін! Саған үштеріңнен құтылудан мүмкіндік берді ғой, құтылсаңшы енді!
– Мен анам әзілдеп тұр екен деп ойладым, бірақ, ол мүлде шын көңілімен айтып тұр екен. Менің есігімді жауып қойып ішіндегісін айтып салды.
– Отыр да жаз, қане! Біз сен үшін бүкіл жағдайды жасадық. Жаңа компьютер алып бердік. Бізді сыйласаң қайтті! Мен армандағандай сенің елші болуыңды қалаймын. МГИМО-да үшпен оқитын адамдарға не бар дейсің.
МГИМО – анам мектептен кейін осы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтына түсетінімді армандайды.
– Ал сен менен елші болғың келеді ме деп сұрадың ба? - дедім ашулана.
Ата-анамның арманы маған жақсы білім беру болды. Олар көптеген достарымен кездескенде бәрі де балаларының оқудағы табыстарымен мақтанды. Әсіресе, олардың көбісі балаларының білім алуда қол жетпес жетістіктерге жететініне күмәнмен қараған көрінеді. Ал өзара қалғанда бір-біріне балаларының заңгер, экономист болғысы келмейді деп көңілдері толмай отырды.
Менің ата-анам институтта жұмыс істейді. Неге екенін қайдам менің шешем ғылыммен айналысқанымды қаламайды. Менің білуімше, институттағы жұмыс атақ әкелмейді.
Барлық ата-ана балаларымен мақтанғысы келеді. Бір күні біздің танысымыз ыңғайсыз жағдайға тап болды. Оның баласы музыка бойынша қомақты сыйақы алды. Жасөспірім баланы бәрі құттықтап жатыр. Алдағы уақытта музыкада табыстарға жетіп, атақты сазгер болуына тілектестік білдіріп жатты. Ал ол сол сәтте; «Менің музыкант, әнші болғым келмейді, суретші болғым келеді»,-деді бірденнен даусын көтере сөйлеп. Бәрі таңданыспен қарап қалыпты. Анасы ұялағаннан ба әлде, ашуланғаннан ба қызарып кеткен. Жастайынан баласының шынайы даусы барын білгеннен кейін музыкалық мектепке бергенін айтып түсіндіріп бағуда. Жасөспірім бала дарынды болып-ақ шықты, дегенмен бойындағы қабілетін бағаламастан өз өмірін музыкаға арнағысы келмейді. Оның үзілді-кесілді бас тартқанынан бәрінің көңілі су сепкендей басылып қалды. Ал менің әкем: «Баланы өзі қаламаған нәрсеге итермелеудің керегі не?»-деп қолдап жатыр.
Сол бір көрініс мені де күтіп тұр екен. Анам менің елші болуымды ерекше қалайды екен. Қаншама рет оның алдында ақталып, мұндай құлақпен ешкім де елшілікке алмайды деймін. Елшінің бет бейнесі – мелекеттің бет-бейнесі. Еуропада қазақтардың құлағы қандай үлкен деп ойлап қалады ғой. Бірақ анамды да кішкентай күнінде де қаламаған нәрсесін талап еткенімен, сендіру қиын болған екен. Әжем анамның сазгер болғанын армандаған. Анама арнайы пианино алып берген де екен. Музыка мектебін бітіргенде қабілеті орташа болғандықтан өзін атақты сазгер болмайтынын білген.
– Бүкіл әлем қазақтарды музыка жағынан жақсы таниды. –дейді анам өз ойын білдіріп – Көптеген қазақстандық жастар келісім-шартпен Еуропада жұмыс істейді. Олардың арасында өз отанын, тегін бір сәт те естен шығармайтын атақты скрипкашы Марат Бисенғалиевті алайық. Ол Батыс Қазақстанда музыкалық оркестр құрған, өзі басқарып отыр. Әлемнің белгілі скрипкашылары, Еуропа музыканттарымен бірге жиі-жиі келіп, шеберлік сыныптарын өткізіп кетеді. Ал Майра Мұхамедқызы бірінші рет Қазақстанның музыка тарихында Францияға ұзақ мерзімді келісім-шартпен Париждың «Гранд-опера» театрына шақырылды.
Қазақстанда танылмаған талантты сазгерлерді шетелдіктер мойындап жатқаны жайлы көптеген жайларды мысалға келтіреді. Маған да анам Наполеон жоспарын құрып қойыпты. Анам өзінің балаларының атақты да танымал болуы үшін бел шеше кіріскендей.
Көшеде бірге ойнайтын достарыммен ажырап қалғаным жаныма қатты батқаны соншалықты анамды:
– Біздің отбасымыз жайлы барлық шындықты жазып беремін! Кейін ренжіп жүрмеңіз!-деп қорқыттым.
– Жаза ғой, ренжімеймін, балалы үйдің ұрлығы жатпас дейді,-деп жауап берді. Одан бетер мазақ ете түсті.

КӨҢІЛСІЗ КАНИКУЛ

Мен тіпті өкініштен жылап та алдым. Көптен асыға күткен демалысты компьютер алдында өткізуге тура келді. Терезеден көшеге қарасам, менің достарым футбол добын теуіп жүр, ал мен болсам бөлмемде отыратын боламын. Бәріне де өзімді кінәладым. «Текке айтпаса керек, менің тілім – менің жауым. Анамның алдында неге мақтандым екен деп. Ата-анамның маған деген көзқарасы өзгерді. Жылдар өте олар маған қаталырақ болып кетті. Байғыс Ерке, сенің неге жолыға болмады екен бұл өмірде? Сенің анаң ұйықтап жатса да елші бол деп түс көреді?».
Атақты кеңес елшісі Нәзір Төреқұлов анамның жақын ағайыны болып келеді. Ол достарының алдында өзінің туыс екенін мақтанатын. Талай рет өзінің еркек болып туылмағанын өкінішпен айтатын. Менің МГИМО-ға түсе алатыныма неге сенімді болды екен. Сыбайластық мына өмірде бәрін де басқара алады деп қалайша ойламайды екен? Бұл дегенің ақылға қонбайтын нәрсе ғой. Қазақстандық жоғары оқу орны былай тұрсын, тіпті ресейлік оқу орнына тапсырса екен деген ой санасына сіңіп қалған. МГИМО-ға түсу үшін менің әкем министр немесе генералдан кем болмауы тиіс. Үлкен кісілер балаларын өмірге әкеліп, аяғынан тұрғызғаннан кейін тағдырын өздері шешеді екен. Балаларының қалаулы арманы емес, қаламайтындарын орындауын зорлықпен талап етеді екен!
Қалай ғана анам Еркетайының баяғыдан ер жеткенін сезбей жүр екен? Бұл мамандықтың қыр-сырын білмей жатып, он төрт жастағы ол елші мансабы жайлы қалай армандамақ? Ата-анам бар күшіммен шет тілімен айналысқанымды талап еткені соншалықты өз жетістігіме мақтан ете алатындай болдым. ХХІ ғасыр балаларының армандары мүлде басқа. Көбісінің арманы шетелде кең сарайдай коттеджде, қымбат шетел көлігі бар олигарх болу немесе бизнеспен айналысатын адам болу. Қазіргі жастардың қылмыстық бизнеспен айналысып, тез баюды қалайтыны жасырын емес. Менің достарым біздің ата-аналарымызға қарағанда компьютерді жақсы меңгерген. Әкемнің жұмыстағы компьютері интернетке жалғанған. Сол арқылы таяу және алыс шетелдердегі әріптестерімен қарым-қатынас жасайды. Әр түрлі конференцияларға қатысып, ақпараттар алмаса отырып, бос уақыттарында преферанс ойнайды. Әкем маған компьютер сатып әперуге қарсылық білдірген болатын. Ол компьютерді артықшылығы жоқ қажетті зат деп санайды, бірақ та, менің жасымда бұл нәрсеге көп жақындай берудің қажеті жоқ екендігін жақсы білемін. Бәлкім ол дұрыс айтса керек. ХХІ ғасырда адамдар арасындағы өмір сүру ережесін әкем онша түсінгісі келмейді. Неге ата-аналардың ақыл-ойы және парасатынан гөрі лауазымы немесе тұрмыс деңгейі бірінші кезекте бағаланады екен? Неғұрлым қымбат ұялы телефоны және компьютері болса, соғұрлым құрбы-құрдастарының арасында құрметке ие болады. Бұдан шығатын қорытынды бестік бағаның парқы кеткені.
Әкемнің пікірі өте орынды болып шықты. Мен компьютерге тәуелді болып алдым. Достарыммен тек интернет арқылы араласу үшін тәулік бойына отыруға бармын. Қазіргі заманның заңы бойынша барлық жастар осылайша өмір сүреді. Мен үнемі әкем мінген машина моторының даусын ести сала компьютерімді өшіріп үлгеремін. Отбасында тіпті менің армандарымның бар екеніне күдіктенбейтін болды. Ата-анамның ешқайсысы менен: «Ерке, кім болғың келеді?»-деп сұраған да жоқ. Мен бейне бір кеудесінде жаны жоқ, тек миы ғана бар зат болдым. Менің арманым мыңдаған адамдардың өмірін қатерлі ісіктен емдейтін дәрі ойлап тауып, емдеп жазатын мықты дәрігер болу болды. Анам мен жайында көп нәрсені білмейтін, тіпті ол: «Ерке, неге мұғалима дәл саған ғана кітап жаз деп ұсыныс жасады?»-деп қызығып та сұраған жоқ. Бұл жайдың бәрі де қолымыз тимейді деген желеумен ата-аналардың мектеп жиналысына қатысуға келмейтін немесе сирек келетініне байланысты. Менің сыныптастарымның ата-аналары: «Неге Ахметовтер жиналысқа қатыспайды? Біз де ол кісілер сияқты жұмыстамыз, сонда да уақыт тауып келеміз ғой»,-деп жақтырмаған сыңай танытты. Сынып жетекшісі ести сала менің әке-шешемнің жұмысына қоңырау шала бастады. Сол-ақ екен анам қобалжып жүгіріп келіп, кешірім сұрап кіріп келді. Жоқ, Ерке, қулығыңды асырма! Төменгі сыныптарда сенің анаңды мектепке жиі шақыратын. Мені тәрбиелеген әжемнің атына «Балаға дұрыс тәрбие бермеді»,-деп кінәрат таққызбау үшін және менің бұзықтықтарымды жасырып, әкемді мектепке жібермеуге тырысатын. Менің әкем институт директоры. Оның әкелік парызымен айналысуға уақыты жоқ. «Мен бар жоғы сенің мектебіңе екі-ақ рет барыппын, ол жерге менің қызым бірінші сыныпқа барғанда, сонан кейін білім туралы аттестат алғанда барған екенмін ғой»,-деп өзі де мойындап қояды. Еркеге жиі барып тұрамын деп ойлап едім, реті келмей жатыр. Оның өзі де бізді уайымдатып отырған жоқ. Жарайсың, балам!».
Мектепте математика және физика бойынша мектеп олимпиадасына қатысып, жеңімпаз болғандықтан барлығы сыйлайды. Менің шығармаларым қабырға газетінде жарияланып тұрады. Киік лағының атынан шығарма жазғаннан кейін атақты болып алдым. Мен әкемнің бір танысынан естіген әңгімесінен кейін үлкен әсерде болдым. Бұл шығарма тіпті қалалық газетте де жарияланып, компьютерімде сақтаулы тұр.
КИІК ЛАҒЫНЫҢ МҰҢЫ
Мен кішкентай ғана киіктің лағымын. Менің анамды жақында өлтіріп кетті. Мен қалай күн кешетінімді білмеймін. Мен мамыр айында ауа- райының өзгеретін кезінде көктем жаңбырының тоқтаусыз жауып, оны аз десеңіз қар да жауатын мезгілде дүниеге келіппін. Бұл кезең құралай деп аталады. Нөсерлеп жауған жаңбырдан соң егістіктегі өнім жайқалып сала береді. Сол себепті болса керек, біздерге, киіктің лағына құралай деп ат қойылған.
Анам байғұс мені дүниеге әкелгенде жалғыз болыпты. Ол жыртқыш аңдардан, жыртқыш құстардан қызғыш құстай қорып маған: «Тырп етіп қимылдамай жат, мен жылдам қайтып келемін»,-дейтін. Киіктерді әрбір сағатта, әрбір минутта үлкен қауіп-қатер күтіп тұрады. Анам мені туған кезінде күн қатты суық болып, қар жауған екен. Содан ол қатты әлсіреп, жаурап, аш қалыпты.
Мейірімді орманшы бізді тауып алып, ұзақ уақыт анамды айығып кеткенше күтіп-бақты. Мен ол адамға бізді құтқарып қалғаны үшін риза болдым. Сол сәт адамдардың киіктерге дос екеніне сендім. Біз үйірімізге қайтып келгенде, дала төсі жасыл желекке жамылып жайқалып тұр екен. Біздер күнде жайылымдағы көктемнің тәтті шырыны мол шөптеріне жайылдық. Дала кең, әдемі, кілем төсеп тастағандай алқызыл қызғалдақтар жайқалып тұр. Жасыл желек шөптер мен гүлдердің хош иісі көңіл-күйіңді көтеріп, мына өмірге риза боласың да жүгіріп, секіріп, ойнақтай бергің келеді. Бірақ та, бұл аймақта ұзақ уақыт жайылған жоқпыз. Көсеміміз бұл жақта киіктердің киесі ұрмасын деп бізді алып кетті. Жабайы аңдардың арасындағы ең қорғансызы, ең жуасы – біздің киіктер екен. Неге екенін қайдам, табиғат біздерге соншалықты қатігез болды екен?! Біздің үйіріміз үнемі тамақ табудың жолында босып жүргені. Егер де бір жерде жейтін тамағымыз үйіліп-төгіліп жатса да, абай болуымыз керек, өйткені қасқыр, шибөрілер қалтарыста тығылып тұрып, бас салса қашып үлгеруіміз керек. Біз өмір бойына ешбір дамыл таба алмастан ондаған шақырымға дейін жүгірумен жүреміз. Жазда бидайды комбайнмен орып, дәндерін жинап алып кеткенше өзімізге қор жинап алу үшін бір тойынып қаламыз. Семіре бастаған кезде біздерді адамдар аулай бастайды. Сонымен, біздерді ажалға итермелейтін кімдер деп ойлайсыздар? Адамдар! Адамдар мотоциклге, көлікке мініп аңди бастайды, айла-қарғыларын пайдаланып, бүкіл үйірді қырып-жойып болмайынша мылтықпен атып шығады. Адам бойындағы қатыгездіктің ешбір шегі болмайды екен. Олар бізді тікұшақпен де аулап жүр. Анамнан өне бойы адамдар үшін киіктің не қасиеті бар деп сұрайтынмын. Дос па әлде жау ма? Анам адамдар арасында да жыртқыштар бар деп жауап берді. Ал орманшылар біздерге оқ атуға рұқсат етпейді және браконьерлерді ұстап, бізді қауіп-қатерден сақтап жүреді. Байғұс орманшы қымбат джиппен аң аулауға, біздерді аулауға келгендерді қуалап жете алмайды. Мұндай қуғыншылықта орманшының өзі де құрбан болады. Біздің киіктердің бір-бірімен әңгімелесуге уақыттары болмайды. Мен жаңа ұрпақтардың шамасы жетпейтін күрестерде қалай құтылып шығу керектігін үйрететін көсеміміздің ақыл-кеңестерін асуларда, тау бөктерлерінде отырып тыңдауды ұнатамын. Бұрынғы заманда адамдарда қару-жарақ деген болмаған дейді өз әңгімесінде. Біздің ата-бабаларымыз сол бір замандарда алыстан қарағанда кең даланы кезіп жүгіргенде алып мұхиттың толқынындай болып шалқитын. Баяғы заманның адамдары бізді тамаққа азық ету үшін аулайтын. Даланың құнарлы шөптері бүкіл үйірдің азығына жететін еді. Табиғаттың пейілі қандай кең болған десеңші! Ол кезде не мемлекет, не шекара деген нәрсе болған жоқ. Біздер өзімізді барлық жердің иесіндей сезінетінбіз. Қалағанымызша кең даланы кезіп жүре беретінбіз. Күн суытқанда жылы жақтарға кететінбіз. Қарт көсем киіктер мен құландардың бірге жайылған жайылымды көрсетті, ал қазіргі уақытта тек Киікөтпес деген аты ғана қалған деседі. Ол жерден тек киіктер ғана өте алады екен. Ерте заманда бұл жерде мұхит болған, қазір тіп-тіке жардан қатпар-қатпар қабырға қалыпты. Талай ғасырлар өтті, адамдар барлық жерлерге орналасып алды да, темір жолдар салып, шекараны қоршап тастады.
Киіктердің жайылымдықтары азайып барады. Аадамдар бүгінде біздерге тікұшақтан оқ жаудырып, бүкіл үйірді қырып тастайды. Оның ішінде менің анам да бар еді. Мен қорқып кеттім, қайда тығыларымды білмей көліктердің арасына тығылдым. Менің жүрегімнің дүрсілінен айналаның бәрі дірілдеп кеткендей болды. Әйтеуір ешкім көрмеді, сезбеді. Адамдар өліп жатқан киіктерді қан сасыған көлікке салып жатыр. Сонан кейін мені байқап қалды. Көбісі басқалармен бірге менің мойнымды пышақпен бауыздағысы келді. Бақытыма орай, араларында бір ер кісі бар екен. «Доғарыңдар атуды!»- деп айқайлап берді. Адамдардың бәрі айуанға айналып кеткен дерсің. Ешқайсысының тыңдайтын түрі жоқ. Бірақ ол мені қорғаштап былай деді: «Біздің де балаларымыз бар. Көздеріне қараңдаршы, нәрестенің көздері сияқты қорқыныштан жәутеңдеп тұр. Мүйіздері әлі жетілмеген қандай кішкентай. Егер балаларыңыз білсе, сендерді кешірмейді. Жіберіңдер оны. Мүмкін жолы болып, өз үйірін тауып қалар. Егер ол өліп қалса, оның өліміне менің қатысымның болмағанын білетін боламын. Демек, оның тағдыры бақытсыз болғаны. Жүгір, балақай! Мүмкін тірі қаларсың! Мен сенің тірі қалатыныңа сенімсізбін, өйткені сенің айналаңда екі аяқты жыртқыштар көп қой!».

ҚОРҚЫНЫШТЫ КЕК
Әйтеуір сол бір үштіктен құтылу үшін жаз бойына енді маған кітап немесе кітапқа ұқсас бірдеңе жазуға тура келеді, амал қанша. Компьютердің көгілдір экранында Арам Хачатурянның «Қанжармен билеу» атты жағымды әуен ойнауда. Айбынды әуенді музыканы тыңдағанда ата-анамның маған қойған талаптарына қарсы тұра алатындай ерік-жігер мен күштің бойыма құйылғанын сезіндім. Сүйікті мұғалимам мен анама шырқы бұзылған жазғы демалысым үшін қарыздармын. Сонымен, менің балалық шағымның ең көңілсіз сәттерін, біздің отбасы жайында бар шындықты жазамын, әкем мен әжемнің арасындағы келіспеушілікті келтіремін. Өзімнің сары уайымға салынған сәттерімді, биікке бір самғап, биіктен бір құлағанымды суреттеймін. Бұл өмірде болған жайлардың бәріне бағасын өзім беремін. Әкем мен менің туыстарымның арасындағы қарым-қатынастың қалай өзгеріп кеткенін де жазамын. Әкемнің мінезінің өзгеруіне не себеп болды екен, анамның туыстарын сондай сыйлайтын болды.
Неге екенін қайдам, ересектер балаларды ақымақ деп санайды. Бірақ, мен біздің отбасында жағдай дұрыс болған жері жоқ. Неге екенін ересектер балаларды ақымақ деп санайды, бұны ішім сезеді. Мұның бәрі жаныма қатты батты. Мен болашақ кітабыма енгізу үшін жазбаларымды жасырып қойдым. Соңғы бетін жазып бітірген соң анама оқып шығуға беремін. Осыдан кейін-ақ жазушылық еңбекке баулудан бас тартады. Ой, мен өзімнің үйімдегілерге аямай кек көрсетермін! Ешкімді де, оның ішінде өзімді де аямаспын.
Ата-аналар, естеріңді жиып, тыңдаңдар! Әлі есімде кішкене кезімде, бала бақшаға бармай тұрған кезде бақытты бала болдым.
Мектепке дейінгі балалық шағым туралы кітабымды жазуды бастайын.
Әлқисса…

ЕРКЕҒАЛИ – ЕРКЕТАЙ БАЛА

Сәлеметсіздер ме! Менің атым Еркеғали. Менің әжемнің әкесін осылай атаған. Елдің айтуынша ол сондай мейірімді, жақсы адам болған екен. Қазақтарда үлкен кісілердің аттарын құрметтеп қысқартып атаған. Бірақ та менің атымды сыйлағандықтан емес, еркетай деген мағынаны білдіретін болғандықтан қысқартып Ерке деп атайды. Менің үлкен апайым Жанна бұзақы болып туылғансың деп санайды. Әкеме менің атымды қысқартып атаған онша ұнамайды. Ол:
– Еркетай деп ат қойғаннан кейін ол баладан не күтуге болады? – деп ренжиді менің үстімнен көршілер шағым айтқан кезде.
– Бұл есім менің ұлыма тек келеңсіздіктен басқа ештеңе әпермесі анық, тіпті оның тағдырын алдын-ала шешуі де ғажап емес. Бәрі де оған еркетай деп санайды, бұған сенің анаң кінәлі! – деп ол анамды кіналай жөнелді:
– Сенің анаң біздің ұлға ат қойғанын қалап едің, әне енді. Кім болған еді соншалықты Еркеғали деген атаң? Ешкім де емес! Өз өмірінде еш нәрсеге қол жеткізе алмаған, ештеңеге де талпынып көрмеген! Өмір бойы бақташы болып өткен. Баланы қабілетсіздікке итермелеудің не қажеті болды екен. Менің ұлымның есімі құлаққа жағымды атақты адамның есімімен аталса және сол адамға лайықты болғанын қалар едім.
Анам нақ осы сұрақты өзіне қойды:
– Осы уақытқа дейін қайда қалдың? Неге саған оның аты ұнамай қалды? Менің атам саған несімен жақпай қалды? Мен Шыңғысхан, Спартак, Рафаэль сияқты ұлы тұлғалардың құрметіне аттары қойылған көптеген адамдарды білемін. Бірақ, олардың еш қайсысы да атақты, ұлы адам болып шыққан жоқ қой. Тіпті көбісі араққа салынып, үйсіз-күйсіз қалды. Сенің ойыңша, менің атам генерал болса, біздің ұлымыз да сондай адам болады дейсің бе? Ең бастысы – оны жақсы адам етіп тәрбиелеу!
Қасақана, сол күні теледидардан «Сенің есімің нені білдіреді?» деген бағдарламада атақты педагог ата-аналарға балаларына құлаққа жағымды, әдемі аттарды қоюға ақыл-кеңес берді.
– Өз балаларын атақты адамдарың есімдерімен атаған ата-аналар дұрыс қадам жасайды! Алдағы уақытта олардың болмысына жақсы әсер етеді. Ұлы қолбасшы болған адамның есімімен аталған балада сол адамдардың қайсар, ер жүрек мінездерін алады. Сазгер, жазушы, суретші сияқты өнер адамдарының құрметіне аттары қойылған балалардың музыкаға, көркем өнерге, поэзияға деген икемділігі пайда болады екен. Ал, керісінше, баланың аты жолы болмаған туыстарының есімімен аталса, оның айналасында ылғи көңілсіз, бұлыңғыр көріністер тұрады. Оның өмірге деген құштарлығы жойылады.
Әкем қуанып қалды: «Мен айтты қойды дерсің! Ғалымдар да менің ойымды құптап отыр! Қанеки, кеш қалмай тұрғанда баланың есімін өзертейік!».
Анам жылап жіберді; «Мен өз ата-анама, таныстарыма не бетімді айтамын? Қандай ұят! Адамның есімінде тұрған не бар!».
Әжем біздің үйге қонаққа келгенде менің бетімнен сүйіп, былай дейді: «Балапаным-ау, саған сондай қызығамын. Сенің еш бір тауқыметің жоқ!».
Ой, осы тауқыметтің бәрін әжем біздің отбасына тауып беріп отырғанын білсе ғой, шіркін! Менің ойымша, әкем дұрыс айтып отыр, мен қуана-қуана атымды ауыстыруға келісер едім. Бірақ ешкімге бұл жайында тіс жармаймын! Бәрі бұл есімді менің лақап атым деп ойлап қалады. Бұл жайында жұртқа жария етсем, әжемді ренжітіп алып, анама бас ауру тауып беретін түрім бар. Менің ата-анам ұрысып қалса, ұзақ уақыт бойы сөйлеспей қояды. Мұндай сәттерде үйімізде бреке кетеді, анам жылайды, ал әкем болса, ешкіммен сөйлеспей бөлмесінде отырады да қояды. Тіпті көптен күткен мына мұрагері менімен де сөйлескісі келмейді.
Әжем неге маған басқа туысының есімін беруді дұрыстап ойластырмады екен? Әлде олардың отбасында атақты адамдар болмады ма екен? Бәлкім, мен басқа адам болып шығар ма едім!
Негізінде, мен жоспарланбай дүниеге келіппін. Менің анам аспирантураға кеш түсіпті. Бұл уақытқа дейін анам менің әпкемді бағыпты. Диссертация қорғауға дайындалып жатқан кезде дәрігерлер оған: «Балалы боласыздар!»-депті. Әкем қуанып кетіп: «Біздер үшін ең бастысы – бала!» депті. Мен өзімді отбасында ең бастысымын деп санамаймын!»-депті.
Менің үлкен әпкем сен беймезгіл уақытта туылғансың деп айтады.
– Анамның ғылым кандидаты бола алмай қалғанына сен кінәлісің, қорғағанда бір жерден тесіп шығар ма еді! – деп мені кінәлайды әпкем.
Анам бұл сөзге қарсы шығып: «Мен Еркені босанғаннан кейін бақытты әйел екенімді сезіндім!»-деді бәрімізге.
Әпкем оған сенбестен: «Сенің туылғаның біздің отбасының өмірін қырсыққа айналдырып жіберді, менің де өмірімді беймаза күйге салды. Күн ұзақ мазасызданып, тыным таппай жүретінсің, өзіңе назар аударуға мәжбүрлейтінсің, сабаққа дайындалуға кедергі беретінсің»,-деп жайып салды.
Жақында теледидардан жаңадан туылған балалар жайлы хабар жүріп жатты. Шын мәнісінде, жаңадан туылған нәрестенің бәрінде болатын нәрсе адамның физиологиясына тән нәрсе екен. Дәрігер мұны кәдімгі құбылыс деп түсіндірді. Ал, әпкем боса, мен ауырмай өскенмін, әке-шешем қиналмай өсірген деп бой бермеді. Мен әлжуаз бала болып туылыппын. Өйткені, менің анам күні бойы диссертация жұмысын жазып, жұмыс бабымен іссапарға шығып, өзінің денсаулығына көңіл бөлуге шамасы келмеген екен. Мен сол себепті балалар ауруының барлық түрімен ауырып шығыппын.
- Он бір жыл өткенде тағдыр маған ұл сыйлайды деп ешқашан да ойламаппын, - дейді анам жолдас қыздарына ағынан жарылып.
- Қайдан ғана туылдың екен? Сенсіз біздің отбасының жағдайы жақсы болар еді! Сен менің ата-анамның мейірімін тартып алдың! Сен дүниеге келген сәтте-ақ менің балғын балалық шағым аяқталды! – деп әпкем шағымданып.
Ол барлық ер адамдардың артында ұрпағын жалғастыратын мұрагерді армандайтынын жақсы түсінбейді екен. Менің әкем бақытты адам. Оның ұрпағын жалғастырушысы – менмін. Ал әпкем біздің әулетіміз жайында бас қатырып болыпты, оның ойында тек жеке басының ғана бақытты болғаны керек. Сондықтан болар, ол мені үнемі кедергі береді деп жақтырмайды! Сол үшін кек алғысы келеді. Жатын бөлмедегі көрпеге не жастыққа құлай кетеді де, анама сабақ қарауға кедергі беріп жатыр деп шағым айтады. Ол ауыр затарды маған бейне бір байқаусызда түсіріп алады да сосын маған аудара салады. Ең аяғында кінәлі болып шығатын да мен!

МЕНІ НЕ ҮШІН ЕРКЕТАЙ ДЕП АТАДЫ?
Неге екенін қайдам, үлкендердің ойынша, тек қана балаларды тәрбиелеу керек деп санайды. Тіпті өздерінің дұрыс тәрбие алмағанын сезбейтін сияқты. Апамның мерейтойына көптеген қонақтар, жолдастары мен таныстары келді. Бізге балалар бөлмесіне дастархан жайылыпты. Біз теледидар көріп, ойнадық. Мен үйдің қоймасына жаңа ойыншықтарымды алуға барғанымда, анамның жолдас қызы Айман дәретханадан шығып, қолын жумастан қонақ бөлмесіне кіріп кетті. Мен қуып жетіп: «Неге қолыңызды жумадыңыз? Сіз дәретханаға кірген жоқсыз ба!»-деп сұрадым. Ол құлағыма сыбырлап: «Ақымақ, аузыңды жап!» дегені. Бірақ, мен мұнымен үндемей тұра алмадым да қонақтардың көзінше: «Мына тәте дәретханадан шықты да, қолын жумады!»-деп айтып салдым. Әкем мені желкемнен итеріп, балалар бөлмесіне қуып тықты, ал Айман тәте болса ашудан ызаланып жылап жіберді де, үйіне кетіп қалды. Кейін менің әке-шешем анаңның жолдас қызын ұятқа қалдыруға ешқандай құқығың жоқ және дұрыс болмады деп әбден ұрысты. Қонақтар менен мүмкін сен оның қол жуғанын байқамаған шығарсың деп сұрады. Осы жағдайдан кейін мені анамның жолдастары еркетай деп атайтын болып алды. Мұндай лақап ат маған өмір бойына тағылды. Менің көзімше олар жуынатын бөлмеге бәрі қосақталып қол жууға баратын болды. Әке-шешем қонақтар кеткен соң, кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс деп пікір таластырды. Олардың жүзі қуанышты болды. Келе-келе олар менің айтқанымды дұрыс деп тапты, ал Айман тәтенің көңіл-күйі болмай қалды. Негізінде ол сол кезде қол жууды ұмытып кеткен екен. Менің жақсы білетінім, біздің қонақтар үнемі жақсы көңіл көтеретін-ді. Ал ол елдің бәрінен де қатты күлетін. Бірақта, мені ешкім тыңдағысы келмей, үнемі өздерінікін дұрыс деп табатын! Кейбір үлкен кісілер баланың көзінше әдепсіз сөздерді көп айтады, тіпті кешірім сұрауды да білмейді. Демек, олар жақсы тәрбие көрмеген. Үлкен кісілер – нағыз өтірікшілер, тіпті менің де әке-шешем өтірік айтады. Мен осы жайтты бұрыннан сезетінмін, бірақ, ешкімге айтпай үндемей жүрмін. Тіпті тәрбиешілер балабақшада жүргенде өзара: «Ерке – өте ақылды бала, әкесі профессор, анасы да парасатты әйел, бұл баласын жасы ұлғайған шағында босанған екен. Мұндай шақта туылған балалар өте ақылды, дарынды бала болады екен»,- деп сыбырласып қалды. Бір күні менің тісім босап қалды, күні бойы ары-бері тартқылап жұлып тастадым. Бұған дейін мені дәрігерге апарып, жұлдыратын. Әжем қуанып, әке-шешеме былай деді:
– Ерке есейіп, ер жетті. Енді оған той жасау керек.
Мен бойымды өлшейтін белгіленген сызықтармен өлшеп салыстырдым, өзгерген ештеңе де жоқ, қандай болсам, сол күйімде қалыппын. Айнаға қарасам, тісі жоқ, құлағы қалқиған бала қарап тұр. Мен жынданып кете жаздап, жапсырғышты алып, қайта жапсырып қойдым. Таңертең оянсам, бетімнің ұшы қышынып қызарып кетті. Маған бір түн ішінде мұрт шығып кеткен екен деп ойлап қорқып кеттім. Мен жуынатын бөлмеге барып, бетімді сабындап жуа бастадым, қайтадан теп-тегіс болып қалғандай болды. Мен қуанғаннан күліп жібердім, анам қорыққаннан жуынатын бөлмеге кіріп, не болды деп сұрап жатыр. Сақал туралы бар шынымды айтып едім, біз әбден күлдік. Кейіннен ойланып отырып, шын мәнінде адам маймылға айналуы мүмкін бе деп сұрадым.
Апам: «Сен өзің жайлы сұрап тұрсың ба?»,-деді.
«Мен не маймылға ұқсап келе жатырмын ба?»,-дедім.
Анда-санда сенің кейбір мінез-құлқың біздің арғы шыққан тегімізге ұқсатып жібереді екен.
– Бірақ та мен сені қуантқым келеді. Ғылымда ештеңе де кері құбылысқа қайта айналмайтыны жөнінде дәлелденген. Әттең кештеу туылып қалдың. Үлкен кісілердің арасында әбден жалыққандықтан жөнсіз-жосықсыз сұрақтарды қоясың.
Осы сәт: «Маған күшік туып беріңіз, сол кезде ішім пыспайды»,-дедім.
– Сен осындай тәртіпсіз түріңмен ит сұрап тұрсың ба? Әйел адам күшік тумайтынын сен жақсы білесің ғой, ол үшін қалада күшіктейтін иттер толып жатыр.
– Кешірші, анашым, әңгімені неден бастау керек екенін білмей, ит алып бер деп айтқым келіп, ойланбастан айта салғаным ғой.
«ҚАЛҚАНҚҰЛАҚ»
Менің жоғары сынып оқушысы болуға да шақ қалдым, бірақ көп оқиғалар кеше ғана болған сияқты әлі күнге дейін көз алдымда. Бәрінен де бұрын мен өзімнің бет-бейнем жаныма қатты батты. Жақында мектепке барамын. Менің құлағым үлкен ұсқынсыз. Мені балалар көре салысымен-ақ, «Қалқанқұлақ» деп жандары кіріп айқай салады. Мен олардың қуаныштарына мән берместен одан бетер кемшілігімді жасырмастан қалпағымды үнемі киіп жүремін. Менің бет-әлпетімді, азан шақырып қойған атымды алып қарасам сәтсіз болды деп айтуға болады. Бала күнімнен кіп-кішкентай, ап-арықпын, содан да болар құлағым үлкен болып көрінеді. Айналадағы көршілер анама: «Балаңыз қандай арық, құлағынан басқа ешнәрсе қалмапты ғой»,-деп жанашырлық сезімдерін білдіреді. Менің әпкем: «Сен кімге тартып, құлағы қалқандай құбыжық болып туылдың? Біздің тұқымымызда ешкімде ондай құлақ жоқ! Мүмкін ауруханада ауыстырып жіберген шығар сені, Қалқан құлақ?» деп кекетіп сұрайды.
Әжем мені қорғап: «Осы ойыншықты кім ойлап тапты екен! Қайдан ғана шықты екен? Не адам емес, не хайуан емес! Неге менің немерем осы бір пәле үшін зардап шегу керек?»,-дейді ашуланып.
«Ұят емес пе, мұның не? - дейді менің әпкеме қарап: - Өзіңнің бауырыңды аяудың орнына әрдеңені бір айтып, келеке етесің! Көрмеймісің, байғұс бала қалай қорлануда?»
Жанна: «Осы баланы барлығы жақсы көреді, оған аздап болса да, жанына тигізіп отыру керек!» - деп жауап берді.
Әжемнің жаны күйзеліп: «Біздің тұқымымызда мұндай қалқанқұлақ болмағанын мен анық білемін!» - деп мойындайды.
Бірде ол әкеме: «Мүмкін сенің ата-тектеріңде осындай адам болды ма екен?», - деп қызығушылығын жасыра алмады.
Ол: «Өздерің жақтан іздеңдер», - дөрекі түрде жауап берді.
Әжем ренжіп қалды. Сонда апам: «Үнемі менің күйеуіме осындай түкке тұрғысыз сұрақтарды қоясың», - деп ұрсып тастады.
Атам: «Осының бәрін білгенде бірдеңе өзгере қояр дейсің бе? Еркенің құлағы басқаша болып қалмайды ғой», - деді сабырмен. Әпкем: «Қымбатты ата-аналарым! Сіздердің ұлдарыңыз бұзақы болып туылғанын мойындайтын кезі келген сияқты! – деді кекете сөйлеп. – Кішкентайынан ол өзінің кемістігінен қатты


Источник: http://lit.kz/node/70527