Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

(Әмин Тұяқовқа)
Көргенде бәйге алаңын
Жанатын оттай жанарың.
Жасыңнан жүйрік табанға
Құлығын жақтың далаңның.
Кеш туса-дағы азат күн
Қол соқса да жұрт аз-ақ тым.
Әлемге аян тұғырда
Баласы тұрды қазақтың.
Сағынып дала самалын
Ішінде бөтен қаланың,
Бір ұлы жүрді қазақтың
Көтеріп спорт жалауын.
Еске алсаң құмның дауысын
Үдеді әр кез шабысың.
Алқынтып алау жүректі
Қорғадың елдің намысын.
Солай бір дәурен кештің де
Шындалып өзің өстің бе.
«Бауырым, мені қорға» деп
Жалынған жоқсың ешкімге.
Көреді халқым әлі деп,
Көңілде үміт жанып ет,
Жолыққан Әмин, өзіңе
Жасасын бүгін, Әділет!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жүздерінде қуаныш барша жанның,
Сезілмейді менің де шаршағаным.
Жүрек сәл-сәл аңсайды кең даланың
Ақ қырауын, ақ қарын, ақ самалын.
Таудың шыңы, кең дала, аппақ бәрі,
Біз отырмыз қар жасап ақ мақтаны.
Тілі түгел шықпаған кенжеміздің
Қандай тәтті былдырлақ тақпақтары.
Ең жақсы күн Жаңа жыл қай елде де,
Қызығы ортақ кедей мен бай елге де.
Мен отырдым өзімдей бақыт тілеп
Жер бетінде жүрген бар әйелдерге.
Нұрланса екен шыршаның оттарына,
Қуанса екен сәбидің тақпағына.
Мейірімін жүректің жоғалтпаса
Жығылмаса тағдырдың соқпағына.
Сәулесіне шырша шам шай қайнатып,
Мендей болып отырмай ойдан қатып.
Тілемейін сендерге ақындықты,
Ана болып жүрсеңдер қандай бақыт!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жаңа ай әлі тумаған
Гүл өңің бе екен сенің?
Толқындар асау тулаған
Жүрегің бе екен сенің?
Бұлбұл боп бақта сайраған
Күй-әнің бе екен сенің?
Жібек жел мені аймалар
Қиялың ба екен сенің?


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жақсылықтан үмітті едім,
Не көрмедім, анажан.
Арақ ішкен жігіт көрдім,
Алған жарын сабаған.
Сезімі жоқ ару көрдім,
Абыройы шашылған.
Адал досқа зәру болдым,
Байлық көрсе бас ұрған.
Халін сынар парықты елдің,
Билік көрдім ақырған.
Сатып алған даңқ көрдім,
Қуыс кеуде пақырдан.
Әйел көрдім орашолақ,
Ерте беттен әр тайған.
Әкім көрдім шаласауат,
«Мен білем» деп шалқайған.
Ата көрдім сақалы жоқ,
Қыз іздеген қылжындап.
«Шешен» көрдім айтары жоқ,
Мінбе бермес мылжыңдап.
Міңгірлеген меңіреуден
Мекен көрдім ғаламат.
Елім деумен, еңіреумен
Өтуде асыл азамат.
Сыздатады-ау жүрегімді
Нәзік сезім жырлары.
Әділ деуге бұл өмірді
Аузым бармай тұрғаны.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Егер біздің қазақтың:
Көп оқыған бабасы ғалым болса,
Жаңа туған баласы дарын болса,
Қыздарының барлығы ару болса,
Көргенсізге бұл қазақ зәру болса.
Өз ұлының өскенін күндемесе,
Тұрмысы шат көршісін тілдемесе,
Ру санап жан-жаққа бөлінбесе,
Тегіс қазақ Даласын Елім десе,
Атқа мінген ардақтап азаматын
Кірлетпесе еш жерде қазақ атын,
Шет елдіктің өзгеріп көзқарасы
Өз байлығын билесе өз баласы,
Құлақ асып жарлының шағымына
Мастанбаса қалтаның қалыңына,
Арман қуып шетінен қанаттанса,
Өлең оқыр бәрінде сауат болса,
Қастерлесе ерлерін еңіреген
Сол кезде мен жарылып қуаныштан
Сенше Жайық, арнамнан төгілер ем!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Егер біздің қазақтың:
Көп оқыған бабасы ғалым болса,
Жаңа туған баласы дарын болса,
Қыздарының барлығы ару болса,
Көргенсізге бұл қазақ зәру болса.
Өз ұлының өскенін күндемесе,
Тұрмысы шат көршісін тілдемесе,
Ру санап жан-жаққа бөлінбесе,
Тегіс қазақ Даласын Елім десе,
Атқа мінген ардақтап азаматын
Кірлетпесе еш жерде қазақ атын,
Шет елдіктің өзгеріп көзқарасы
Өз байлығын билесе өз баласы,
Құлақ асып жарлының шағымына
Мастанбаса қалтаның қалыңына,
Арман қуып шетінен қанаттанса,
Өлең оқыр бәрінде сауат болса,
Қастерлесе ерлерін еңіреген
Сол кезде мен жарылып қуаныштан
Сенше Жайық, арнамнан төгілер ем!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Егер біздің қазақтың:
Көп оқыған бабасы ғалым болса,
Жаңа туған баласы дарын болса,
Қыздарының барлығы ару болса,
Көргенсізге бұл қазақ зәру болса.
Өз ұлының өскенін күндемесе,
Тұрмысы шат көршісін тілдемесе,
Ру санап жан-жаққа бөлінбесе,
Тегіс қазақ Даласын Елім десе,
Атқа мінген ардақтап азаматын
Кірлетпесе еш жерде қазақ атын,
Шет елдіктің өзгеріп көзқарасы
Өз байлығын билесе өз баласы,
Құлақ асып жарлының шағымына
Мастанбаса қалтаның қалыңына,
Арман қуып шетінен қанаттанса,
Өлең оқыр бәрінде сауат болса,
Қастерлесе ерлерін еңіреген
Сол кезде мен жарылып қуаныштан
Сенше Жайық, арнамнан төгілер ем!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Ұмыт қып ғашық кез, мас күнді
Бір әзіл қапыда асқынды.
Жігіттің жүзінде - өктемдік,
Жарының көзінде жас тұрды.
Қимастар бір үйге сыймады,
Келіншек күліп шәй құймады.
Жанарға ашуды толтырып
Жігіт тез портфелін жинады.
Ұмыт боп жақсылық бәрі әсте
Бал күндер түспеді әлі еске,
«Мамалап, папалап» сол кезде
Шықты анау бөлмеден нәресте.
Еркелеп, былдырлап, жалтаңдап
Көзімен екеуін арқандап,
Бөлуге болмайтын «дүние»
Ортаға кеп түрды балпаңдап.
Еске сап алау шақ жас күнді,
Жаутаң көз нәресте састырды.
Жігіттің жүзінде күлкі ойнап,
Жарының көзінде жас тұрды.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қорықпаймын найзағайдың отынан,
Кейде өзім соны тілеп отырам.
Кейде маған жалғыз гүлің ой салып,
Ұзақ таңды кірпік ілмей атырам.
Жасқамайды қаңтардағы ақ боран,
Өр толқын да сәтке толас таппаған.
Сапар шықсам бұрылыспен, өткелмен
Қорқытпайды иірімдер қаптаған.
Маған төнсін бар дауылы Арқаның,
Осал деме, бар азабын тартамын.
Дүлейіңді сүйемін-ау, табиғат,
Ал жасқаншақ адамыңнан қорқамын.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Досым едің. Көп болды көріспедім,
Қайғыңды, қызығыңды бөліспедім,
«Адал достар сирек-ау» дегенімде
Сен менің пікіріме келіспедің.
Қолды маған бір сілтеп тастадың да
«Достар деген көп - дедің - жас шағымда».
Рас, достым, достар көп бақ жұлдызы
Жанып тұрған кезінде аспаныңда.
«Бақта - адам көп, сая бар - терегінде» -
Деген сөзді «сандырақ» демедің бе?
Күндікше дос дегендер көп екен-ау
Сен соларға күндікке керегіңде.
Дос табасың, досқа өзің танылғанда,
Достар қалар жаныңда ауырғанда.
Кімдердің кім екенін түсінесің
Қадамыңнан оң басқан жаңылғанда.
Дос деп сеніп жүресің ел сенгенге.
(Сенім деген ,сірә да, өлшенген бе).
Ондайлар да сыр беріп алады екен,
Шаңырағың оқыс бір теңселгенде.
Досым едің, дос болып қала алмадың,
Мен де саған қол созып бара алмадым.
Кеттің қуып шен-шекпен, ал мен қалдым
Сенумен ниетіне адамдардың.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Донеділ, Жайық неге лай мына,
Толқынға көне жаға шыдайды ма,
Тегінде қуат, айбын, мінез жатса
Ол бізден не істейін деп сұрайды ма?
Мұз тесіп өршіл ағыс аптықты да,
Көшкен сең сатыр-сүтыр соқтықты ма
Бұл ауыл жағадағы не көрмеді
Кешті ғой байлықты да, жоқтықты да.
Тасысын, бір сәт су да жылап алсын,
Тыншығар арнасына құлағасын.
Тап биыл сенің нәзік әуеніңе
Жайықтың түрі жоқ-ау жұбанатын.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Деді әкем: «Арпалыс, асауға мін,
Көңлінді баспайды қашан да мұң.
Мен оралдым соғыстан мүгедек боп
Енді сенің бейбіт күн - жасауларың».
Асыл бұйым - тимеді мұра маған,
Жасау бер деп мен де әке сұрамағам.
Менің еншім бейбіт күн - сен сыйлаған
Сенен қалған ақ бесік - мынау Далам!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Даланың қарлығаштары-ай
Кеудемді жанап өттіңдер,
Жүр едім жырды бастамай,
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай!
Қырларды әнге бөлеген,
Сұлуы бейне жаннаттың.
Арудың қасын теңеген,
Қайдасың қыйғаш қанаттым?
Қайдасың бүгін қанаттым,
Зияны тимес ешкімге.
Ұрпаққа пана болатын,
Тыныштау жаққа көштің бе?
Ұяңа маза бермеген
Шошындың ба екен жыланнан?
Сапардан қайтсам, меңде де
Көп емес алдан шығар жан.
Өзіңдік титтей жүрекпен
Қатерді қандай сездіңдер,
Көктемде бәрің жыр еткен
Даладан неге бездіңдер?
Топталып ұшқан үйірің
Достардай еді-ау жаны ізгі.
Адамнан кеткен мейірім
Сендерде қалған тәрізді.
Кеудемді жанап өттіңдер
Жүр едім жырды бастамай.
Азайып неге кеттіңдер,
Даламның қарлығаштары-ай?!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Даланың жөндемедік жолын әлі
Баяғы өзің көрген оры, жары.
Беткейден аз ұшады қарлығаштар
Қарға мен сауысқандар жолығады.
Кім білсін, көкорайға құлын аунар
Жүгінер Төребиге ұлы даулар.
Сан ғасыр талай ұрпақ сусындаған
Қайтадан көзін ашар шыңыраулар.
Қазақтың уақыт емдер дертін бүгін
Оқитын кезең туар сертін, жырын.
Оңайға соқсын қайдан бірден алу
Кең дала, жас ұрпақтың еркіндігін.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Билетіп бойды төзімге,
Құрбыға өтіп сөзім де,
өзімнен жасы кішіге
Ақылшы болар кезімде -
Баяулап жастық арын да,
Мінез де салқын бабында,
Өмірге ойлы көзіммен
Қарайын деген шағымда -
Өзімнен өзім қорықтым,
Жанарға тәтті толып мұң,
Есейтпей ессіз махаббат
Сен келіп маған жолықтың.
Жарқырап кетті аспаным,
Көгімнен шықты-ау басқа күн.
Қарсылық еткен достың да
Сөзіне құлақ аспадым.
Нұрланып жүзім бүгінде
Әсем ән тұрды үнімде,
Қарсылық еткен сорлы ана
Көнерін білдім түбінде.
Жүректің жалын қалпымен,
Ғашықтық сезім салтымен,
Асаумен шаптым қорықпай
Аударып кетер қаупінен.
Не болар демей тағдырым,
Не сыйлар демей алғы күн,
Жаныма жайлы дәуреннің
Құрбан қып кеттім барлығын.
Кезігер не өмір, не өлім?
Күтті не алдау, не сенім?
Сен бірақ оны ойлатсаң
Махаббат атанар ма едің?!