Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Шығанға шұлғып шың басын,
Қара тал қара тұяқты,
Кісінеп желмен қимасын,
Сағынып тұрған сияқты,
Кейбіреу сылбыр ісімен,
Етпейді әсер маған түк.
Міңгірлеп тұрған кісіден,
Күмбірлеп тұрған бақ артық...


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Шараңа суың сыймастан.
Теңселіп жатқан теңізсің.
Теңі жоқ ғажап күй-дастан,
Тербелген ыстық лебізсің.
Сілкіле құлай жаздатып,
Толқыныңмен қағып өт.
Жіберші мені маздатып.
Кеудеме жалын жағып от.
Бойыңда туған балаңмын,
Аяма, теңіз, барыңды.
Арманын тындап даламның
Алайын сенен бар үнді.
Жандардың мынау көңілді
Кемесін, теңіз, тербей біл.
Тербеліп жатқан өмірді,
Тебіреніп сүйген ел ғой бұл...


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Теңізге мынау қарашы,
Жетпейді көздің шарасы.
Кеткендей боп тұр астасып,
Аспан мен жердің арасы.
Мұнда жоқ кінә-кек деген,
Мұнда жоқ шет пен шек деген.
Сан бақыт мұнда бүршіктеп,
Сан мұрат мұнда көктеген.
Оған жат қайғы-қасірет,
Айтары ерлік өсиет.
Теңіздің теңіз екенін
Тану да үлкен қасиет.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Көк самолет біз мінген,
Көтеріле аспанға,
Мен де ұқсадым елемнің,
Көк қақпасын ашқанға.
Алда қазақ даласы,
Ару қырын гүл басқан.
Артта Арал жағасы,
Әмуменен сырласқан.
Алда қазақ даласы,
Сансыз малы шулаған.
Артта Арал жағасы,
Ақ сазаны тулаған.
Қыз қылықпен бұралған,
Жылу құйып жанға тың.
Құшақ жайып тұр алдан,
Ай маңдайлы Алматым.
Ойдың шолып тереңін,
Жарыса ұшып желменен.
Аспанына өлеңнің
Алып ұшып мен келем.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Сен менің мәңгілікке өлмес атым,
Атымды ап алыс жылға жалғасатын.
Әкеде өсиет бар өмір жайлы,
Балада қасиет бар алға асатын.
Сен менің ұшар басым биіктеген,
Жолыңа тапқанымды үйіп-төгем.
Сен менің дүрсілдеген жүрегімсің,
Қай нөрсе сол жүректен сүйікті екен?
Сен мені өскен сайын ойландырып,
Заңдарын табиғаттың ойға алдырып.
Бір қадам басқан сайын өзің мені,
Барасың шежіреге айналдырып...


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Отырмын түнді жамылып,
Ауылда ояу мен ғана.
Самалын шайқап сапырып,
Кереді төсін кең дала.
Естіліп бәсең бақ шуы,
Төгеді нұрын жарық ай.
Жаңбырдан қалған қақ суы
Секілді сұйық сары май.
Нар болып жусап жатыр паң,
Өркешті дала қыр-жоны.
Қиналтып мені отырған,
Қиыспай тұрған жыр жолы.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жасқанбай Турабидің балтасынан,
Ұрының нәсін алған қалтасынан.
Көкесі төрде отырған талапкердің,
«Талант» деп қағып жүрген арқасынан.
Іскер деп танылыпты құстан қарға.
Үйренген қанатсыздар ұшқанға да.
Әтеште жылы, жарық қора болған,
Бұлбұл құс күнін көрген қысқы орманда.
Саудагер тәлім алмай даналардан,
Қалтасы қалың адам дараланған.
Онда да секем алғыш ақын жүрек
Шырылдай жыр торында жараланған.
Ойшылдың үміт түнған жанарында,
Шындықты зорлық таптап табанында,
Күншілдік, пендешілік өткен дейді
Абай мен Науаидің де заманында.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Ақ боранын далаңның
Сен де бастан кештің бе,
Ерке назды самалдың
Әнін тыңдап өстің бе?
Долы дауыл, күн аптап
Дақ салмай ма әріңе?
Сүйгендіктен бірақ та
Көнесің бе бәріне?
Жұлқыса жел есіріп,
Майысқанмен сынбадың.
Сыр айтпадың шешіліп,
Неше келіп тыңдадым.
Қысты жеңіп, шуаққа
Жайраңдаған кезіңде,
Бойыңдағы қуатқа
Қайран қалам өзім де...


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Өмірде адам тандамайды баласын,
Үйлестіріп оны тағдыр сыйлайды.
Өмірде адам тандамайды анасын,
Сүйеді оны, еш адамға қимайды.
Ризамын бөріне де бүгін мен
Бүза алмаймын өз-өзіме сертімді.
Егер таңдау мүмкін болған күнінде
Қайта алар ем осы қара кемпірді.
Туған жерді таңдамайды тағы да
Кіндігінің қаны тамған қастерлі.
Тау ма, ой ма, сор ма әлде бағы ма -
Сүйеді оны іздеместен басқа елді.
Таңда десе қайта бастап өмірді,
Сәби жүрек емес оған айыпты -
Жырлау үшін, сүю үшін елімді
Мен қайтадан таңдап алам Жайықты.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Өмірге келсем қайта мен
Десе егер: «Не сыр байқап ең
Шын сүйе білген жүректің
Арманы жоғын айтар ем.
Жалғасып жырға наз-әнім
Бақыттың кештім базарын.
Сондықтан бүгін көбірек
Ғашықтық жырын жазамын.
Сезімнің білдім ғажабын,
Сүюдің көрдім азабын.
Өмірге қайта келсем де,
Махаббат жайлы жазамын!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Дейді досым: «мән берме айналаңа,
Жан сырыңды ұғатын қайда дана?
Өлең жазар уақытты құртып жүрсің
Бас сұққанға деуіңмен «шайға қара».
Қапа болма баланың кеселіне,
Алаң болма ошақ, үй, көсеуіңе.
Сонда менің жыр жазбай жүрген күнім
Тірлігімнің кірмей ме есебіне?
Болып кету керек пе досқа бөтен,
Даралану, оны кім қостар екен?
Ақ ниетті жандарға жолдас болып
Ән айтқаным өмірде босқа ма екен?
Мән бермеуім керек пе тосын жайға,
Сөйлесуім керек пе асыл, майда.
Мұң-қайғысын өзгенің бөліскен күн
Мендік өмірбаянға қосылмай ма?
Әзіл айтпай жеңгеге базынамен,
Құлақ асып қайнының назына әрең.
Әлде есікті ішінен кілттеп алып
Жатсам ба екен күні-түн жазып өлең.
Жо-жоқ, мені қоршасын барша қауым,
Мазаласын дос-жаран қаншама күн,
Адам даусы жоқ бөлме қорқынышты,
Думанды орта әрқашан аңсағаным.
Тойға барсам, кеудемнен жыр ағады,
Жолаушының біздің үй - сұрағаны.
Менің өмірбаяным - жақсылармен
Бірге өткізген күндерден құралады.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Тұсымнан өттің бұрылмай,
Хат жазбай кеттің қашаннан,
Сонау бір жастық жылындай
Кездессек - дедің - осы арман.
Сағыныш - отқа өртенген
Өкпелеп жүрсің, құрбым-ау.
Күніге ертең, ертеңмен
Зуылдап жатқан жыл мынау.
Ат басын бұрып бара алмай,
Жолдамай сәлем хат арнап,
Жүреміз мәңгі адамдай
Ал сапар қайда апармақ...
Келемін руль қолымда
Армандап зулап өтуді.
Ал осы өмір жолы да
Көшенің заңы секілді.
Айқайды өзге есітпей,
Нысананы алдым көзіме.
Үлгеру керек кешікпей
Жасыл от жанған кезіне.
Шаршатып мені жол қашық,
Күндерім сонау аңсаған.
Қызыл от жиі алмасып
Жете алмай келем мен саған.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Бұлт кешіп Алатаудың басында анау,
Ақ жауын, Алматыда ашылмады-ау.
Менің де жүрегімде таң атқалы
Бір сезім алай-дүлей басылмады-ау.
Кетсем бе сонау таудың баурайына,
Сырымды айту үшін бар қайыңға,
Қосылып жылайын ба ақ жауынға,
Жоқ әлде баққа барып жаурайын ба?
Әйтеуір кеудем тынши алмады да,
Бойымда қайсар күшім қалмады ма,
Жүрегім тағдыр жүгін ауырсынып
Жаншылып бара ма екен салмағына?
Ұқпаймын іздейтінін көңіл нені?
Шаруаға ойым мүлде бөлінбеді.
Келеді солай жаңа жырдың жолы
Нөсерлеп ақ қағазға төгілгелі.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Өлең деген - құдірет қой, шынында.
Талант керек кейде оны ұғуға.
Ұлағат та, тіршіліктің сыры да -
Үңілсеңіз жатыр баба жырында.
Жатар жырда - қасіреті халықтың,
Дастаны да ел қорғаған алыптың.
Жыр айтады -баянсызын дәулеттің,
Жыр айтады - ауыр жолын даңқтың.
Қызыл тілде алғаш кілті өнердің,
Жыр жолы боп елестейді келер күн.
Ең алғашқы әлдиі де ананың
Басталады ұйқасымен өлеңнің.
Мейірім де ән сазымен тарайды,
Тұрады әннен, тірлік таңы арайлы.
О, жас ұрпақ! Төрлеріңе ілгейсің
Патшаны емес,Махамбет пен Абайды.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Өлгеннен кейін
Өлгеннен кейін
боламын нағыз таза адам,
Ақтап алады
барлық күнә мен жазадан.
Даланы сүйген қызы еді-ау деп бір халықтың
Айтады біреу азалы ән.
Айтады біреу - болып еді деп жалын жас.
Қайсар дер біреу
тағдырға онша бағынбас.
Жұбатпақ біреу
қалды деп менен гүл-көктем,
Қайта оралатын қарлығаш.
Өлім не тәйір,
жүректің ғана мұздауы,
Достардың анық көңілдерінен сызбауы.
Жұбатады олар «қалды - деп - жыры қағазда,»
«Қалды, - деп, - тағы ізбасарлары - қыздары».
Өтті дер бірі,
құрмет-сыйды кеш көріп,
Жатпады жалған насихаттарды ескеріп.
Өзімен өзі өлеңін жазып өтті деп
Айтады біреу естелік.
Атақтылардан
алғысөз, мадақ сұрамай,
Алақан жаймай,
көрсетіп жасын жыламай,
Жүрегі нәзік табиғи ғана қалпыңда
Өтті деп қайран құралай.
Осының бәрін айтады мені білгендер,
Тірлікте талай кемшілік іздеп күлгендер.
Басқа әлем емес, айтатын маған жақсылық
Бүгінгі қатар жүргендер.
Өлгеннен кейін біреулер жоқтап сенделер,
Адамды таппас тіріден саған тең келер.
Жұмбақпыз неткен,
Ғажаппыз неткен, адамдар!
Қызықпыз қандай, пенделер.