Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены.












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Оңай деп пе едің, қанатым,
Ойлардан жүдеп, қажалу,
Ұрпаққа мұра болатын
Өшпейтін жолдар жаза алу.
Қасқая қарау тағдырға
Қатерден, сыннан қорықпай.
Не күтіп тұрса алдымда
Өте алмау оған жолықпай.
Домбыра тартып тойларда,
Бесікті тербеп ойлану,
Әйелдің жүгін қойғанда,
Ақынға қайта айналу.
Көміліп ойға дір етпей,
Өшпейтін жолдар таба алу.
Қайтадан сүйген жүрекке
Махаббат болып оралу.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Сен ең негізісің -
Жырымның тақырыбының
Кеңейткен ақын ұғымын,
Сен жайлы жазатын өлең,
Көкейде жатыр құлыным.
Ойларың озықтау болып,
Менімен таласармысың,
Сен тыңға жол ашармысың,
Әйтеуір келер тандардың
Жұмбақтау болашағысың.
Еліңнің ертеңі - сенсің
Меншігің мен емес, балам,
Ешнәрсе тең емес саған.
Адамзат ұрпағысың сен.
Еш байлық сенен аспаған.
Аялап өсіргім келіп
Аймалап айналсам дегем,
Сен бірақ ойлансаң дер ем,
Аналық үміт - арманға
Әрқашан сай болсаң деп ем
Мен саған сенем!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қателігі жастықтың біліне ме,
Сақтық қажет албырттық гүліне де.
Қыз баланың жігітке сүйем деуі
Жараспайды ғасырдың біріне де.
Тегін бақыт уақыттан алынбайды,
Сүйемін деп қыз бала жалынбайды.
Өзгермейді жүрегі жігіттердің
ЭВМ-ға махаббат бағынбайды.
Қыз үлесі қашан да - болу ана,
Ол үшін жоқ сүюдің жолы жаңа.
Жаным деген жігітті жат көрмеңдер,
Өзі сүю қыздардың соры ғана.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Шырқатып дала әнін, дала зарын,
Жағаңда өмір кешкен бабаларым.
Жырақпын, бірақ түсін, ұзатқан қыз
Төркінге сағынышпен ораларын.
Сен менің арманымның асқарысың,
Жүргем жоқ жырлап қана тастау үшін.
Мендегі Отан деген ұлы ұғымның
Алғашқы сезім атты бастауысың.
Жағаңда білем жас тал көктейтінін,
Жырламай ақын сені кетпейтінін.
Қинайды жүрегімді туған жерде
Өзіңше мәңгі сапар шекпейтінім.
Мен саған барып қайтсам ісім өнік,
Көрмесем бір құса дерт ішіме өліп,
Сағынсам ұйқыдан да жиі оянам
Құмы ыстық жағалауың түсіме еніп.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Өтетін сырт айналып мұнар белді,
Соқпақты дала жолы бұраң еді.
Жүйіткіген машинаның алдын орап
Бір қасқыр қыр астынан шыға келді.
Мәз болды мұны көріп шеткі жігіт,
Қызынып денесіне от жүгіріп,
Жолшылар қиқуласып машинамен
Жолсызбен сол қасқырды кетті қуып.
Білдірмей қуғыншыға ешбір елең
Құбылып қылау жоны кешкі желмен,
Барады, енді қайтсін, бұл өңірде
Қасқыр соққан жүйрікті естімеген.
Жігіттер қару етіп шыбық, талды
Жолдан шығып кеткенді ұмытқан-ды.
Бір сайдың жағасында орға түсіп,
Машина от алмастан тұрып қалды.
Кеш түсті әуреленіп жүргенінде
Табарға қандай амал білмеді де.
Жаңағы қасқыр қуған кереметтер
Жаяулап кетті тартып үйлеріне.
Келер күн бейхабардай ештеңеден
Көмекке машина алып түсте келген.
Жігіттер сол қасқырдың ізін көрді,
Кузовты әр жерінен тістелеген.
Қуғанын ізге түсіп кектеді ме,
Жоқ өзі тағдырына өкпелі ме -
Жігіттер қарап тұрды қайран қалып,
Кеміріп қарағайды кеткеніне.
Гүрілге тыныштығын бұзған мына,
Кім білсін кектенді ме, сызданды ма,
Қорыған шығар, мүмкін, бөлтірігін
Жоқ әлде кең даласын қызғанды ма?..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қарлығаштың бұзылған ұясы
Еске түспей кең жайлау дала бары,
Жеткізбестей алыс жол арадағы,
Ұшып келіп, қарлығаш, ұя салдың
Балконына ескі үйдің қаладағы.
Бастамақ боп тірліктің қызық әнін
Ұя соқтың тыншымай ұзына күн,
Білген жоқсың, сонда сен сезген жоқсың
Көп кешікпей бұл үйдің бұзыларын.
Деп келіп ең құтты бір қоныс табам,
(Балкон салып саған шын болысты адам).
Сол адамдар қолымен құлады ұя
Балапандар ай-күні толыспаған.
Естіместен шырылын балалардың,
Жасын төгіп қасірет, нала, зардың,
Құлап түскен ұяны көріп тұрып
Шарасыздан шырылдап қала бардың.
Келер күн боп үмітті жалғайды арман,
Тәтті қиял қанатын самғайды алдан.
Кейде өте қатыгез тағдыр деген
Тұрады екен күтпеген, жағдайлардан.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жалтылдақ қанаты нұр құшып,
Ақбауыр қарлығаш жүрді ұшып,
Байқаусыз бұтаның астында
Жасырынып отырды бір мысық.
Армансыз шарлап кеп аспанды
Дегендей балапан аш қалды,
Жерден бір дән көріп қонғанда
Сұр мысық сорлыға бас салды.
Бас салып басынан тістеді
Зұлым-ай, оз ойын істеді,
Қос қанат құтыла алмастай
Бұл ажал не деген күшті еді.
Көзден жас, бастан қан жосады,
Қиын-ау тырнақтан босауы.
Шашылған қауырсын үстіне
Шырылдап келді ұшып қосағы.
Жоқтады, қайғырды, зарлады,
Өзінше тәңірін қарғады,
Кеп-кеше қосыла сайраған
Сәттерде жоқ еді арманы.
Ал бүгін тап болды жесірлік,
Қызықты тірлікке кесір қып,
Амал не қайырсыз ұядан
Балапанын әкетті көшіріп.
Балапан қызықтап аспанды
Биіктеп ұшуын бастады.
Енді оның бақытын армандап
Ананың көзінен жас тамды.
Қайғыны уақытпен емдеген,
Көңілді ақ үміт кернеген.
Ертеңге ұмтыла беретін
Өмір-ай, тәтті едің не деген!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қамсыз қазақ өлі отыр беткейде ана,
Кейде тіпті қонады-ау шеткей дара.
Алыстарға айқайлап жар салатын
Сенің даусың дәл бүгін жетпейді, аға.
Заман зулап, ал олар аяндайды,
Ақын үшін жоқ асқан одан қайғы.
Етек-жеңін жимастан есінейді,
Кейбіреуі шыңғырсаң оянбайды.
Берер оған әкеліп сыйлықты кім,
Ас беруге шулатып жидық бүгін.
Жемтігі боп жүргенін түсінбейді
Алаяқ пен жымысқы биліктінің.
Келімсекке иіліп дымы қалмай,
Аңқылдайды ешкімнің сырын алмай.
Шулап қайтты Абайдың тойынан да
Ұлы Ақынның жазғанын үғына алмай.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қалмасын солып гүл-сезім,
Аяла мені асылым,
Алдында тұрған бұ л сенің
Баяғы арман-ғашығың.
Ойыңмен орал кейінге
Көзіңді жүгірт күнге алыс.
Менімен жастар биінде
Билесем деген бір вальс.
Барлығы менің есімде
Бірге өткен күндер өзіңмен,
Оралсаң деймін кешінде
Баяғы албырт сезіммен.
«Әйелдің бірдей барлығы».
Дей көрме маған, ақылдым,
Өзгеден бөлек тағдыры,
Мінезі қиын ақынның.
Жар болсам деген жолдасқа,
Кеудесі толы ізгі арман.
Әйелдің бәрі о баста
Армандай ару қыз болған.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Өзгермейтін төкаппар қалпы мына,
Дір етпейтін аяздың салқынына.
Мынау жаздың аптабы қиын соғып,
Шөлдеп тұрды қайыңның балтыры да.
Соқты аңызақ, түннен де сәл ығыспай,
Ақ қайыңнан ақ сәуле жарық ұшпай,
Бір тамшы су аспанға телміртеді
Қақыратқан жүректі сағыныштай.
Содан бір күн сағынтқан нөсер құйды,
(Кейде осындай нөсер де кесел дейді).
Нәзік қайың шынында өз басынан
Бірінші рет өткерді есер күйді.
Құйды нөсер, шаққа оны құлатпады,
Көшті аңызақ, бәсеңдеп күн аптабы.
Шөлдеп түрған бейкүнә жапырақтар
Сол жауынның соңынан жылап қалды.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

(Қ.Миханованы еске алу)
Түсінбей алғаш сезімге,
Білді тек арман өшкенін,
Соғыстың сонау кезінде
Желкілдеп тұрған жас келін.
Қасқайып отты дауылға
Аттанды белін буған ер.
Қыздардан қалған ауылда
Күткендей үміт туған ел,
Жоқ онда көңіл ұнатар
Мамандық таңдау, ойлану.
Қайшаға тиді бір отар,
Міңдеті енді қой бағу.
Соғыстың аз ба кеселі,
Көзжассыз бір таң атпаған.
Бұршақты күздің нөсері,
Қыстағы көзсіз ақ боран.
Естіп елдің мұң-зарын,
Бәрін ол бастан өткерді.
Қиналған ауыр жылдардың
Өтеуі - Жеңіс көктемі.
Жүрекпен ғашық өмірге
Сүюмен туған Отанды.
Жас Қайша туған жерінде
Еңбектің Ері атанды.
Қосын да тікті жайлауға,
Құдық та қазды күрекпен,
Ән салар шақта тойларда
Қой бағуменен күні өткен.
Міндетін солай атқарды,
Өзі жоқ бүгін ортада.
Есімі енді сақтаулы
Туған жер атты картада.
Безбен бар уақыт атаулы,
Екшейді ол ез кім, алып кім?
Есімін кімнің сақтауды
Біледі өзі халықтың.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Кеудеңнен көп жылдарғы тарқады мұң,
Толғандай қуанышқа орта бүгін.
Ақ дауыл тербетеді құмнан соққан
Бесігін тентек ұлдың, сотқар ұлдың.
Ызасы кедейліктің жүрді есінде...
Сол жігіт жатты Оралдың түрмесінде.
Сонда сен балаңды іздеп асыл, Алқа,
Нарыннан жаяу келдің тілдесуге.
Айдалып барады ұлың алыс кетіп,
Сен бірақ жыламадың дауыс етіп.
Орнына қоштасарда қиналудың
Жаныңа тұрды сенің намыс өтіп.
Жыласа балаң өктем сен тіл қаттың:
- «Ез болсаң, еркек етіп неге таптым?
Көрсетпе маған мынау көз жасыңды» -
Деп келіп, беттен сүймей жақтан тарттың.
Кісен де тұрған қолға оратылып
Бола алмай күйге бөгет қара құлып.
Жазылып пернесіне домбыраның
Кеудеден кетті сол сәт саз атылып.
Қос шектен әлемге аян таралып үн
Ғасырлар мақтаны боп қалады ұлың.
Өсірген күй атасын, қайран шеше,
Өзіңнің емес пе екен даналығың?!..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жаңғырып жүрегімде жастағы әнім,
Сазына көне вальс мас боламын.
«Шөмшінің ән кеші бар» деген хабар
Қазағын селт еткізді астананың.
Тербетіп самал әуен бетегені
Арыстың бойына да жетеледі.
Каспийден шулап ұшқан шағаланың
Қанаты көңілімді көтереді.
Есікке сыртта толқын ұмтылады,
Концерттік залдың іші гүл тұнады.
Шәмшінің дәуірінің арулары
Көздерін орамалмен сүртіп алды.
Айлы түн, сұлу Сырда сылқым ағын,
Бақыттың құшағында бұлқынамын.
Ұмытып дүниені сәтке мынау
Алдағы бос орынға ұмтыламын.
Иесі концерт залдың күліп тұрып,
Танытты маған ептеп «біліктілік».
Ақынға алдан орын аз тиерін
Шәмші-әуен жіберіпті ұмыттырып.
Шаршатты-ау қасіретің өмір сенің,
Басамын немен, қашан көңіл шөлін?
Орныма отырғызды бір бастықтың
Қазақша түсінбейтін келіншегін.
Дүние-ай, бұл өмірден сый күтті кім?
Көңілге тағы бір ой түйдік бүгін.
Пенделер тарта алмайды-ау таразыға
Салмағын талантты мен биліктінің.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Көл болып жасы көзінің,
Анашым шықты аңырап.
Күңіреніп қалды өзіңнің
Атыңа біткен шаңырақ.
Өңім бе, әлде түсім бе,
Үзілді кенет өмірің.
Бар демін тартып ішіне
Егіліп тұрды келінің.
Кетті деп жақсы арадан,
Жоқтады барлық жас-кәрің.
Атынан құлап даладан
Жылады қанша достарың.
Сүріне-құлай жеттім де,
Кеудеңнен сүйдім, төзбедім.
Мәңгіге ұйықтап кеттің де,
Бірін де мұның сезбедің.
Жалғызың жетім қалмақшы,
Аһ ұрып шыққан от демім.
Шыңғырған даусым, алғашқы
Оята алған жоқ сені...
Алаңсыз үйде отырған шақтарым кем,
Шаршаймын ой сандығын ақтарумен.
Жан әке, өзің болып елестейді
Жолаушы белестегі атқа мінген.
Сол елес бұрылмастан асар қырдан,
Қанша рет жанарыма жас алдырған.
Жан әке, өзің болып елестейді
Жылқышы құрық алып, асау қуған
Түсесің сен есіме аңшы көрсем,
Сені еске түсіреді әнші де өңшең.
Жүрегім суырылып мұздап кетем,
Ілулі иесіз қалған қамшы көрсем.
Сенің де ілулі тұр құралдарың,
Анашым жинап жүрген шығар бәрін.
Кеш әке, сен құйындап шапқан қырға,
Мен шіркін асау мініп шыға алмадым.
Ізіңді қуа алмадым бұла жастан,
Жоқ еді қасіретім бұдан асқан.
Дегенмен сенің қызың екенімді
Таниды бар аймағың сұрамастан.
Көңілді жиі- жиі басып қайғы,
Елесі балалықтың қашықтайды.
Жан әке, өзің жүрген кездегідей
Құлының ауыл жаққа асықпайды.
Болмасын біліп өмір жазы - мәңгі,
Белгісіз жүрек қашан жазылары.
Ботаңның еркелігі ұмытылып
Санаулы жандарға айтар назы қалды.
Кимеді шәйі көйлек құбылмалы,
Тақпады қызыл шашпау бұрымға әлі.
Қызыңның маңдайына жылы алақан
Тиген жоқ сенің көзің жұмылғалы.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жыл өтті. Жетеледі арман алға,
Көбейді өмір сыры танданар да.
Мен үшін сан аңыздың сырын жайған,
Әжемдей қайталанбас ғұмыр қайран.
«Екі көз бір-бірімен жауласқан соң
Табиғат ортасына мұрын қойған».
Бұл жағдай сірә ақылға сыяды ма,
Айтқыштар әлденені құяды ма?
Жо-жо-жоқ. Сәл ойлансаң тапқыштық пен
Адамның бас иесің қиялына.
Айтқанда алғаш әжем мән бермегем.
(Ол кезде кеудемді әсем ән кернеген).
Ойыма келмейтұғын достарымның
Ішінде қара ниет жан бар деген.
Жыл өтті. Жетеледі арман алға,
Көбейді өмір сыры танданар да.
Түсіндім әжем айтқан аңыз сырын
Досым да, сүйгенім де алдағанда.
Пәк көңіл, жүрек аңқау кезеңдегі
Көп сіңген тәрбиеме өз еңбегі.
Әр түрлі әңгімені мысал етіп,
Сақтыққа үйретіпті әжем мені.
Айтатын аңызы көп жатқа жырды,
Мақал боп, шежіре боп ақтарылды.
Шешендік өнерінен үйрендім де,
Үйрене алмай қалдым сақтануды.
Өмірге құштар көңіл жалын әлі,
Жаным тек мейірімді сағынады.
Сол сақтық, әжем қанша үйретсе де,
Ақындық жүрегіме дарымады.
Пенделік, күншілдікті күнде көрем,
Қолыңнан келері аз білгенменен.
Мұрын тұр, ал екі көз келе жатыр
Әлі күн бірін-бірі күндеуменен.