Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него.












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit
Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Саудалы базар, жан-жақтан адам құйылған,
Аумайды бейне тірлікте қызық жиыннан.
Бәрінің мұнда тек ұтып кету арманы,
Дүние шіркін, құралады екен тиыннан.
Алушы кетпек - түсті деп арзан қуанып,
Сатушы қалмақ - өтті деп қымбат жұбанып,
Өмірде өзін мәңгілікпін деп ойлаған
Саудагер тұрмақ - білегін таңнан сыбанып.
Сатушы болып базарға алғаш келуім,
Сататын мүлкім - сапарлас болған көлігім.
Ағылған топтан алданар екен кім маған,
Шұбырғандардан алдамақ бүгін мені кім?
Ат-көлік әр кез жарлыға ханның тағындай,
Бақыт-ау жүрген кейбір жандарға жалынбай.
Зулатып жүрген машинам кетті сатылып,
Жау мініп кеткен батырдың арғымағындай.
Көл-көсір байлық енді алақанға сыйғаны,
Үйренген көлік көңілді сәл-пәл қинады.
Дедім мен іштей - болды ма серік жанына
Әкемнің сонау жоқ-жұқа жылғы жиғаны.
Біреулер келіп, біреулер кетіп жатады,
Біреулер арзан, біреулер қымбат сатады.
Базардан қайттым есіме түсіп әкемнің
«Дүние шіркін - опасыз», - дейтін мақалы.
Бір жаяу келіп
ат мініп кетті үйіне.
Мән берген жан жоқ
менің де жаяу күйіме.
Осы екен дедім тірлікте мың-сан естіген
Қас-қағым сәттік
дөңгелеп тұрған дүние.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Махаббат, сенің әнің тыңдағаным,
Сен едің табынғаным, жырлағаным,
Бірақ мен жырлағаным үшін сені
Мақтау сөз естімедім, сынға қалдым.
Ғашықпын гүл тербеген алаңға әсем,
Жүрмесем ғашық болып жана алмас ем,
Жек көріп кетсем барлық адамдарды
Өмірден дос та, жар да таба алмас ем.
Келемін ақ пейілді, досты көріп,
Кейде ісім баспады оңға қастық еріп,
Күндеңдер ей, пенделер,
ал мен болсам,
Өтемін барлығыңды жақсы көріп.
Алуға төрден орын асықпа тым,
Жүректі даңқым жоқ деп жасытпадым.
Жырларым жүрсе аузында армансызбын
Бір-бірін сүйе білген ғашықтардың.
Оқымас жырға көңіл бөлмегендер,
Оқымас махаббатқа сенбегендер.
Оқиды жүрегінде оты барлар
Сезімі бір-біріне сөнбегендер.
Сол менің тілегім де, тілерім де,
(Келер күн не сыйларын білемін бе?)
Бірақ мен білем жырым жүретінін
Жатталып он сегіздер жүрегінде.
Армансың алыстағы, қиялда сен,
Мінезсің бойымдағы ұяң да әсем.
Махаббат, сен болмасаң жүрегімде
Мүмкін мен Даламды да сүйе алмас ем.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..
Алға тарт деп жас жүрек бұлқынады.
Балалықпен қоштасар күн туады.
Онжылдықтан шыққандар оқу іздеп
Юрфакқа түсуге ұмтылады.
Не демекпіз шөліркеп дала жатса,
Не болмақшы теңіз, құм араласса?
Жұмыс іздеп уақытша келгендермен
Кешіп жатыр өз күнін балабақша.
Бала бағу. Оны ешкім жаратпады,
Заң маманы болуды қалап бәрі.
Ақиқатқа құштар ма мына ұрпақ
Армандап жүр кімдерді жауаптауды?..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Мазақтап кеткен жігіті
Қыздармен бірге жүдедім.
Жеткізбей жүрген үміті
Жесірге бақыт тіледім.
Бөгегім келді алқынған
Бір сәтке жолын дауылдың.
Өзеннің суы сарқылған,
Арнасын көріп ауырдым.
Түнедім тауға, тасқа да,
Сылдырын аңсап бұлақтың.
Жылаған балабақшада
Сәбиді келді жұбатқым.
Жас келін түскен тойлардың
Келеді айтқым жар-жарын.
Ішінде жаңа айлардың
Жүр менің қанша арманым.
Арманның алыс ертеңі
Жеткізбей мені жүр білем.
Жүрегім жалын, өрт еді
Не дейсің оған, сүмбілем!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Ақ сөйлеп, адал күлетіндермен,
Шындықты жақтап жүретіндермен,
Сыйластық сырын білетіндермен
Танысқым келеді менің.
Жаманға жағынбайтындармен,
Жоқтыққа тарылмайтындармен,
Арманнан арылмайтындармен
Табысқым келеді менің.
Жанары мөлдірегендермен,
Жүрегі елжірегендермен,
Үмітке сендіре білгендермен
Достасқым келеді менің.
Мұң-қайғы жеңбейтіндермен,
Өсекке сенбейтіндермен,
Наданға ермейтіндермен -
Бас қосқым келеді менің.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Ұмытсам деп ем мен сені
Жүректе жоқ-ау бағыныш.
Көтертпей қойды еңсені
Билеген бойды сағыныш.
Ұқтың ба халін құрбының
Жүрегі - әуен, жаны - жыр.
Кеудесі тұнған сырлы мұң
Ал саған соның бәрібір.
Бәрібір болса маған да
Келгенің әлде кеткенің.
Жинаған жалын жанарға
Жалғыз сен ғана деп пе едің.
Мейлі деп келсе, кетсе де
Отырсам шіркін, бейтарап.
Ойлатпай қойса ештеңе
Ойналған ұзақ күйтабақ.
Талғамай тыңдап бар әнді
Болмасам осы жырға алаң.
Тілдеймін кейде анамды
Сезімсіз етіп тумаған.
Ал сен ше? Қорлап сезімді
Сөнесің, қайта жанасың.
Маған да айтқан сөзінді
Басқаға айта аласың.
Ұмытсам деп ем мен сені
Жүректе жоқ-ау бағыныш.
Көтертпей қойды еңсені
Билеғен бойды сағыныш.
Соқпақ жоқ кейін баратын,
Тек алғыс айту қалды да.
Қасірет шеге алатын
Жүректі берген тағдырға.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Көңілі бұлақ әнін тыңдап алаң,
Бақтарда гүл болмас ол жырламаған.
Белгісіз неге ғашық екені де
Әйтеуір, ақын деген жұмбақ адам.
Өмірдің бар үніне алаңдаған,
Іздеген әуен сазын әр арнадан,
Әйтеуір, ақын деген мазасыз жан
Тірліктен еш қанағат таба алмаған.
Өзгеге ақын деген жалынды үғым,
Мақтайды жаттап алып ағын жырын.
Өзгелер еш уақытта түсінбейді
Ақынның сорлылығын, халін, мұңын.
Жүр дейді дүниені шайқап ақын,
Гүл дейді көңілі оның жайқалатын.
Бақытты дейді ақынды сүйгеніне
Өлеңмен жүрек сырын айта алатын.
Білмейді өлең оңай шықпайтынын,
Таланттың досы азын құптайтүғын.
Ақынның жүрегінде не жатқанын
Кей кезде сүйген жар да ұқпайтынын.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

(Мариям Хакімжановаға)
Білмеймін жалқымысың, дарамысың,
Білмеймін біз көрмеген Сарамысың.
Әйтеуір көз ашқалы шыңда тұрған,
Қазақтың қыздарының жалауысың.
Жалқысың, зердең-жүйрік, атың-бөлек,
Дарасың, сөз бастайтын батыл кенет.
Мәншүктей батыр қызды жыр - бесікте
Тербеуге, апа, сіздей ақын керек.
Зергерсің сөзден соққан асқан өрнек,
Шеберсің өлең қүйған дастан өндеп.
Жыр көшін өзің батыл бастамасаң,
Мүмкін біз бүл өнерден жасқанар ек.
Аналық мейірімді жүрекпенен,
Үлгі етіп жақсы өмірді жыр еткен ең.
Ақындық жолынды да қалап алдық,
Өзіндей болсақ деген тілекпенен.
Ақ тілеу жырларыңмен таңдарға алға,
Жалғасып самға, апа, заңғарларға.
Дәл сіздей ана атанып, ақын болып,
Дәл сіздей өмір кешсек, арман бар ма?..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қыдыратын әжеге таласа еріп,
Ертегісін тындайтын дара серік.
«Үлкендердің алдынан кесіп өтпе»,
Деп өсірген ауылдың баласы едік.
Кей ағайын қиырда көріспеген
Дәм-тұз түгіл қайғынды бөліспеген.
Әжем бізге «іргелес көрші сыйлау
Тіршілікте адамға борыш», - деген.
Бір-бірінің аңсайтын сәлемдерін,
Бір-бірінің жаттайтын өлендерін.
Сары майдай сақтайтын базарлықты
Ауыз тимей қалар деп бәлен келін.
Анам келіп қалаға танданғаны,
(Оған жұмбақ әр қилы жандар бары.)
Дейді маған, «түйіскен есіктері
Көршісі көп адамның бар ма арманы.»
Даландаған кең оның киімі де,
Дархан көңіл қалды өз биігінде.
Сыйластық деп ұғатын тірлік сырын
Сүйсінемін қашан да пейіліне.
Қайран апа, жоқ мұнда дала ғұрып,
(Қатал айтсам тым теріс қалар ұғып).
Жақын деген есіктің әр жағында
Ілулі түр бірнеше қара құлып.
Арпалыспен, шабыспен күн өтеді,
Әркім өзі білгенше күнелтеді.
Өлім болса естиміз көршілерде,
Тірілердің беймәлім кім екені.
Дәл сендерше үлкенді сыйлау да аңыз,
Қам жемеңіз, біз үшін қиналмаңыз.
көрпе төсеп күтпейміз артық қонақ,
Құлып салып, әйтеуір, жинаудамыз...


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Көз жұмдың, үміт толы әнің бітті,
Қаншама нәзік жүрек жалын жұтты.
Өсиет еттің неге мына маған
Жетпеген өз ғұмырың әділдікті?
Демеймін мына өмірге неге келдім,
Еңбегім туар, бәлкім, еленер күн.
Жөргекте сәби жылап, өлең жаздым
Сол қалар еншісі боп немеремнің.
Өтті, апа, ой кешумен нелер кешім,
Бір кезде жоқтауы анық ел еркесін.
Жұбатып өзімді өзім өмір сүрдім
Біреудің паналамай көлеңкесін.
Бір билік құрсам ба әлде сайланып ап,
Шындықты өтсем бе екен айналып-ақ.
Бүл күнде талантты боп туғаныңнан
Бастықпен таныс болған пайдалырақ.
Сен, апа, адал жандар көп деп едің.
Әділдік ешуақытта жоқ демедің.
Қулық пен сұмдық барын үйретпепсің,
Сол үшін бүгін саған өкпеледім.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Күлкі, назды білмесе
Неге керек гүл ерін.
Күйіп, сүйіп жүрмесе
Неге керек жүрегің.
Сапар шығып не керек,
Демесе ешкім «жүр аман»,
Қарсы алмаса керемет
Аңсап күткен бір адам.
Кірлемейді көңілің
Жүрсең досқа еркелей.
Мәні болмас өмірдің
Бір сағыныш өртемей.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қос шекті күмбірлетіп күй ағады,
Даланы дүмбірлетіп тұяқ әні,
Жас жігіт жалт қарайды,
Сұлу қыз ұялады.
Қас жүйрік бір-біріне қарсы ағады,
Тарайды құйрық-жалын таң самалы,
Ата-ана күдіктеніп,
Жеңгелер ән салады.
От көңіл лапылдайды қас-қағымда
Жастық шақ күн сөнбеген аспанында,
Жігіттің кетті арманы
Кербездің шашбауында.
Пернелер дірілдейді күдік еніп,
Тағдырға біреу көнбей, бірі көніп,
Айтады алуан сырды
Домбыра күңіреніп.
Алдыңнан есілдіріп көктем желін,
Баяндап қайта өмірдің өткелдерін,
Тағдырын салады еске
Арманда кеткендердің.
Қос шекті кейде саусақ баяу қағып,
Көңілдің алуан күйін жаяды анық.
Әр күйде бір-бір дастан
Бітеді баяндалып.
Бойға бір әсер құйып дуылдаған,
Күй бітті. Көңіл әлі суынбаған.
Күй-өмір қысқа неткен!
Уақыт-ай зуылдаған!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Кезің жоқ-ау кең дала, жаңармаған,
Туып жатыр сен жайлы сан алуан ән.
Ақын түгіл әр адам жүрегінде
Сендік ғажап сезім бар алаулаған.
Саған туған түлектің бәрі құштар
Жүректерде сарқылмас сағыныш бар.
Сапар шығып кетсе де Ай, жұлдызға
Саған қайта сол сезім алып ұшар.
Құшағындай анамның кеңсің керім,
Мен өзіңнен өзгені жерсінбедім.
О кең далам, сайратқан, ерке өсірген
Отан деген ұғымым сенсің менің.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Кеттің сен үлгі еттің де ғұмырыңды,
Кестім мен сен тараған бұрымымды.
Енді апа көрмегенің дүрыс шығар,
Мына өмір шаршатқанын құлыныңды.
Аналық мейіріммен аса құнды
Кестелеп тастап кеттің жасауымды.
Енді, апа көрмегенің дұрыс шығар
Ауыздық, жүген киген асауыңды.
Қайтейін жақсы еді ғой өлмегенің.
Еркеңді еш адамға тең демеуің.
Дегенмен жеңіл сенің жүрегіңе
Қызыңның жуас кезін көрмегенің.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Кейде сараң бақытқа мына жалған,
Әр кеудеде өзіндік тұнады арман.
Біреу отыр табынып жалғыз қызға
Оны-дағы біреуден сұрап алған.
Бір әйелді қателік мұңы қармап,
Қорықпайды «бірі - өлсе, бірі - қалмақ».
Астан-кестен алты ұлды қарғап отыр,
Қолдан келсе бір күнде қырып алмақ.
Бар далада ақ дауыл, таң самалы,
Әр жүректің өзіндік аңсағаны.
Күнделікті тірлікте, жер бетінде
Үйренетін өмірдің бар сабағы.