Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется.












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Ол жақта қалай, апа, жылы ма екен,
Бар пеңде бір Алланың құлы ма екен?
Онда да бірі-пысық, бірі-момын,
Біреу-қу, біреу тіптен ұры ма екен?
Шәй ішкіш жолықтың ба құдағайға,
Мазасыз бригадир бір ағайға...
Жұмақтың есігінде сұм күзетші
Мөр басқан мінездеме сұрамай ма?
Ол жақта жасыл көктем, гүлдер көп пе?
Күнәсін кешіре алмай жүрген көп пе?
Тіріде пара бергіш жылмағайлар
Ол жаққа барып әлі үлгермеп пе?
Бізде, апа, жаққандар аз басына май.
Анасын бала кетті асырамай.
Жетпейді қарасуға зейнетақы
Сіздерде зәмзәм судың бәсі қалай?
Сеземін, алдың-пейіш, арқаң - тозақ;
Мінгізіп алды сені тарпаң боз ат.
Бірдеңе әкелер деп періштелер,
Жамбастап жатқан шығар жалқау қазақ.
Қабірін көмгенменен қалың қазып,
Жүр ме оңда топас озып, дарын азып.
Қазақтар өзін өзі өсектей ме
Үстінен бір-бірінің арыз жазып?
Сен жоқсың ішінде ондай отырыстың.
Ұқпайсың не екенін де қоқым істің.
Қайтейін құдайға да керек болдың
О, менің әріп білмес Оқымастым!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Бар еді тентектігің бала жастан,
Бойына сақтапты оны дала - дастан.
Жүйрік жел сені есіме түсіреді
Мойнымнан орамалым ала қашқан.
Өтетін күнің талас, ерегеспен,
Қалмайтын жанжал, шулы төбелестен.
Қолымнан қуыршағымды жұлып алып,
Жылатып кететін де сен емес пе ең?
Өстік біз төбелесіп қойлы ауылда,
Өткен күн келмей қалды айналымға,
Сол кезгі сенің тентек мінезіңді
Мен бүгін сағынам деп ойладым ба?


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

(Анам Ақзилаға)
Үстелде жетімсіреп жатқан аз күн
Бетіне көзжас тамған ақ қағаздың.
Тірілер ұқпаған соң сырымды, апа,
Бағыштап рухыңа хатқа жаздым.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Нұр таңымбысың,
Гүл шағымбысың,
Тұлпарымбысың,
Сұңқарымбысың,
Бірі де болмай тек дала болшы,
Менің бір еркін шырқауым үшін.
Шырағымбысың,
Шынарымбысың,
Қыранымбысың,
Жыр-әнімбісің,
Бәрі де сен бол, мен әйел болам,
Өзіңе ғана ұнауым үшін.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Некесіз туған сәби
Қайран сәби жаутаңдаған
Сезіп қалдың жетімдіктің не екенін.
Сұлу анаң шалқаңдаған
Таққан емес сақинасын некенің.
Тайраң қағып бала күнде
Мойынына асылмадың әкенің.
Құрбанысың, амалың не?
Қыз жіберген бір-ақ кештік қатенің..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Мөлдірлікке, тазалыққа құмармын,
Жүрек сырын жанардан-ақ ұғармын,
Теңізге кеп құятыңдай екпін жоқ,
Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.
Аңыз-дастан, сазды күйге құмармын,
Жайлы ағыстай кейде көпке ұнармын.
Құмға, шөлге пана бола алмадым,
Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.
Бір бағытта аға алмаған бұраңмын,
Соңына ердім кейде жалған ұранның.
Баяуласа ағысым да жиірек
Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.
Шеңберінде қалып жүрсем шыдамның,
Сенен алған төзім-күш деп ұғармын.
Арна бұзып төгілмесем әлі күн
Мен өзіңе ұқсамаған шығармын.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Айналдың мәңгі жалынға.
Даңқынды тақты даламыз.
Жасқұста, сонау Нарында
Өмірге келген бала қыз.
Әлемге тарап атағың,
Құрбаны болдың ақ таңның.
Мен бүгін «Мәншүк апаның
Еліненмін» деп мақтандым.
Лап етіп жанды жас шағың
Селт ете қалды барша жан.
Сен жайлы ерлік дастанын
Жазуға құмар қанша адам.
Өзіңмен алау сезімді,
әкеттің ару қалпыңмен.
Жырласам ба деп өзіңді
Ұстадым қалам бәлкім мен.
Кешпестен алау сезімді,
Өттің сол ару қалпыңмен.
Ұмытпау үшін өзінді
Атыңды жаздық алтынмен!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Мына өзен биыл тағы тасыр ма екен,
Болады-ау астаң-кестең асыл мекен.
Тепкілеп көкірегін жатыр бір күш
Айдыны суық екен, ашулы екен.
Толқын тұр жап-жас талға жармасуға,
Сыймастай не көрінді арнасына.
Ұмытқан тәңірісін біреулерді
Түсіріп алмақшы ма тәубәсіна.
Тасқынсыз мынау тірлік баяулай ма,
Жағада жаяу арба аяңдай ма,
Есінеп етек-жеңін жимайтындар
Жайық бір тасымаса оянбай ма?
Нұрланып ай, жұлдыздың шуағынан
Қашанғы айта бермек бұралып ән.
Туатын жуас қазақ батыр ұлдай
Төгіліп шықсын бір сөт құмарынан.
Айбыны екпінді екен, ашулы екен,
Шынымен арна бұзып тасыр ма екен?
Еркінсің. Шөлдеп көрдің, тасып та көр
...Басыңнан не кешпедің, асыл мекен?!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қыш табақтар,
Ас ішкен кімдер одан?
Ол да біздей бір кезде жүрген аман,
Ол да біздей өмірге ғашық болып,
Тіршіліктің қадірін білген адам.
Күміс белбеу,
Тақты екен ару қандай.
Көрген адам есінен жаңылғандай,
Жетті ме екен арманға жетпеді ме?
Сүйген жардың ауылы сағымданбай.
Қазып тапқан
Жоғалған жүзден бірін,
Ғасыр өткен, ат-жөнін іздеу қиын.
Бұйымдар тұр музейде, иелері
Өмір сүрген сан ғасыр бізден бұрын.
Өткір қылыш,
Ойранды салған жаумен,
Бейбіт күнді өттің бе армандаумен?
Күмістелген ер-тұрман серінікі-ау,
Солардан да қалдың ба, қайран дәурен!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Тал шыбық тұрар жағада,
Майысып жеңіл желменен.
Мені еске ал, соған қара да,
Көңілін көп ой тербеген.
Қызғалдақ көрсең, мені еске ал,
Самалмен қырда билеген.
Домбыра көрсең, мені еске ал,
Шегіне саусақ тимеген.
Жол жүріп шықсаң, белес бар,
Талайлар ізін қалдырған.
Қарлығаш көрсең, мені еске ал,
Оралып ұшқан алдыңнан.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Мен сені ойлайтынмын
Жырыңа қанбайтынмын,
Ауатын назарым көп.
Мен сені ойлайтынмын
Жастықтың базары деп.
Мен сені ойлайтынмын
Таусылмас жыр-ән ғой деп,
Төменге қонбайтұғын
Тәкаппар қыран ғой деп.
Жалынның барлығына
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға
Тимес деп ойлайтынмын.
Тұрса да асқар алда
Қайтпайтын қайсар деп ем.
Жан сырын басқаларға
Айтпайтын байсал деп ем.
Қос шектің естілмеген
Үніндей қиялдадым.
Көңліңді ешкімге мен
Гүлімдей қия алмадым.
Демедім «көптің бірі»
Еш кінә таға алмаспын.
Деп едім өткірлігі
Жүзіндей ақ алмастың.
Іздедім таң нұрынан
Бірі деп арайлардың,
Биіктің барлығынан
Көрем деп қарайладым.
Жалынның барлығына
Күймес деп ойлайтынмын.
Саусағы әр бұрымға
Тимес деп ойлайтынмын.
Мен сені ойлайтынмын
Таусылмас жыр-ән ғой деп.
Төменге қонбайтұғын
Тәкаппар қыран ғой деп.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Мен жайлы келер ұрпақ, не білесің?
Тарихқа таңданатын көрінесің.
Мені іздесең ғарышқа алғаш ұшқан
Ізде Совет қызының шежіресін.
Ғасырымның жырдай көп жақсылығы,
Достық болды адамның басты ұғымы.
Бостандық пен Теңдіктің әнін ізде
Кереккен даналықтың басшылығы.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Мен енді өлімге де жыламаймын,
Ешкімнен мүсіркеу де сұрамаймын.
Қар-бұршақ қатар жауған жел өтіне
Сен өзің шынықтырған құралаймын.
Талдырған өмір жүгі бұғанасын,
Қызыңның мұңын тек сен ұға аласың.
Жүректі сен сыйлаған қансыратты
Тонаған адамды адам мына ғасыр.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Биік шың, шырша - таулардың көркі, байлығы,
Ұмытар мұнда келгендер мұң мен қайғыны.
Делебең қозып тұрасың елтіп бұл жерде
Жарқырап жатқан шақырып мұздың айдыны.
Шарпиды жігер денеңді бір от қыздырып,
Айдынға тұрсаң арманның құсын жүздіріп,
Мәңгіге бейне айнымас сертін бергендей
Барады сырғып жазбастан жұбын қыз-жігіт.
Қалт басты әні, тобығы қыздың қайрылып,
Ұстаған жігіт қолынан қалды айрылып.
Анау бір пысық қайрылмай өтті көмекке,
Анау бір адам барады жеке жәй жүріп.
Біреулер - олақ, біреулер - жылдам, бейімдеу,
Біреулер озып, біреулер қалып кейінде.
Жас толқын келіп қосылып жатыр жаңадан
Шаршаған біреу қайтқалы отыр үйіне.
Сүрініп біреу, біреулер оқтай зымырап,
Біреулер құлап, кетеді оңай тұрып-ақ.
Кішкентай қызым қосылып кетті сол топқа
Құлдырап барып қолымнан менің шығып ап.
Үрей ме, бұл не, дірілдеп неге барамын,
Мен сені мұнша толқыннан қалай табамын,
Осы ма, еді құлыным, менен бөлініп
Өмірге сенің өзіңше басқан қадамың.
Үлгермей қалдым айтуға жүр деп жайлап-ақ,
Құласаң қайттім қатыгез мұзға тайғанап.
Қорқыныш маған, ал саған бәрі оп-оңай
Ойың бар жалтыр айдында билеп, ойнамақ.
Кетеді қазір біреулер мына алаңнан,
Кейбіреу мұнда сан рет қайта оралған.
Ұқпайсың әлі бірін де оның, қарағым,
Тағдыр да қиын, адамдар сонша сан алуан.
Мазасыз жанға осының бәрі жыр-дастан.
Аналық жүрек жақсылық тілер тынбастан.
Керегі маған - құламай сенің келгенің,
Керегі маған- ертеңгі сендік нұрлы аспан.
Мұз айдын мені батырды ойға не түрлі,
Зулай бер, ботам, буының енді бекіді.
Сен үшін бірақ, жарқырап жатқан жалтыр мұз,
Мен үшін нағыз өмірдің өзі секілді.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Маңғыстау деген - маң дала,
Теңізге төнген сән қала,
Мұнайлы биік мұнара,
Алдыңнан өткен аруана.
Маңғыстау деген - толғаныс,
Ұйқыда жатқан жолбарыс,
Шөлдеген дала, өкініш,
Кеуденді керген ар-намыс.
Маңғыстау - ойпат, тау, жыра,
Әсем өн, сазды домбыра,
Ұрпаққа келер ертеңгі
Несібе болар мол мұра.
Маңғыстау деген - сан оттар,
Карьер, мазар, заводтар.
Бабалар Дала - музейге
Жинаған экспонаттар.