Литературный портал / Блоги.Казах.ру — блоги Казахстана, РК
rus / eng / kaz


Можно ставить записям будущее время. Запись будет в черновиках и в указанную минуту автоматически опубликуется. Статья Корпоративные блоги: Как вести? содержит практические советы и примеры
Любой блог можно сделать коллективным. Для этого надо определенным (или всем) пользователям дать права на запись в него. СМИ могут копировать в свой блог ленту новостей или статей. Дополнительное внимание и комментарии обеспечены. Если у вас уже есть блог в другом месте — можно автоматически транслировать записи из него в нашу блог-платформу












Литературный портал



Блог литературного портала КазНета Lit.kz

Блог lit Автор блога
Лента друзей
Войти Регистрация


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

«Мама, сен кімсің» деп қойды да,
Асылды қызым кеп мойныма.
Сұрақпен қатырды басымды,
Онсыз да шаршатқан ой мына.
Кіммін мен? Білмедім не дерге,
Ол мені ұғар ма, сенер ме?
Сен бізге мамасың! - дейді олар
Бұрылтпай кей күндер өлеңге.
Ұзақ күн сұрақпен не түрлі,
Осылай мазамды кетірді.
Жыр менен баланың арасы
Екі оттың ортасы секілді.
Қинама мамаңды, құлыным,
Жағдайын тезірек біл, ұғын.
Өлеңмен бейнетқор сорлымын,
Сендермен бақытты, ұлымын.
Сендер күн, көздегі нұрымсын,
Сендерсіз өткен күн құрысын.
Сендерден басқанын барлығын
Мен құрбан етер ем жыр үшін.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып ағылған,
Көңілмін екіге бөлінген
Жүрекпін екіге жарылған.
«Мама, сен кімсің» деп қойды да,
Асылды қызым кеп мойныма.
Сұрақпен қатырды басымды,
Онсыз да шаршатқан ой мына.
Кіммін мен? Білмедім не дерге,
Ол мені ұғар ма, сенер ме?
Сен бізге мамасың! - дейді олар
Бұрылтпай кей күндер өлеңге.
Ұзақ күн сұрақпен не түрлі,
Осылай мазамды кетірді.
Жыр менен баланың арасы
Екі оттың ортасы секілді.
Қинама мамаңды, құлыным,
Жағдайын тезірек біл, ұғын.
Өлеңмен бейнетқор сорлымын,
Сендермен бақытты, ұлымын.
Сендер күн, көздегі нұрымсын,
Сендерсіз өткен күн құрысын.
Сендерден басқанын барлығын
Мен құрбан етер ем жыр үшін.
Анамын бөбегін сағынған,
Ақынмын жыр болып ағылған,
Көңілмін екіге бөлінген
Жүрекпін екіге жарылған.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Зуылдап, өтті уақыт, көп су ақты,
Әр жағдай адал досты топшылатты.
Дәл сенің кеудендегі жылы жүрек
Мен үшін енді өмірде жоқ сияқты.
Белгілі сендік анттан жаңылмасым,
Атыңды жырға қостым сағынғасын.
Көк тас та жып-жылы боп көрінді, апа,
Бетіне сенің бейнең салынғасын.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Ағысыңнан Ақжайық тынбадың ба?
Аңсап жатыр өзіңді құм да, қыр да.
Сен нәр сыйлап келесің талға, гүлге
Жағдай жасап жағанда ырғалуға.
Қадірінді өстім мен жастан біліп
Әуенінен ағынның дастанды ұғып.
Ағатынсың сен онца өткел бермей
Жанарларцы арнаңмен жасқандырып.
Тірлік сыйлап, жаралдың ән салуға
Жетер екен ғұмырың қанша жылға?
Көз аддымда ортайып кеткендейсің
Қажыдың ба, ерке өзен, шаршадың ба?
Тағдырың бар өмірге ғашықтардай,
Өз арнанда шашылып тасып қалмай,
Тұнығынды ағасың мөддіретіп,
Көк теңізге қүюға асыққандай.
Мендік сезім көлі це шайқалмады.
Саған келсем көбейер ой толғағы.
Айтшы, Ақжайық, өзіңнен маңызды ма,
Шалқып жатқан Каспийдің ортаймауы?
Сырлассайшы менімен зиялы арна,
Жетелеген қызыңмын қиялы алға.
Ұқсасам деп өзіңе армаңдап ем,
Қайдам, сенше теңізге құя алам ба?!


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Достарың - қанша сырласқан,
Шертеді сен деп күй-дастан.
«Қайда, - деп, - менің ақыным?»
Шағала шықты Қиғаштан.
Құлақта әуен мұңлы бір
Кеудеге жоқтау тұнды жыр.
Келер деп сені сапардан
Тосып тұрғандай Дыңқызыл.
Өтсек те зулап тоқтамай,
Қалмады сені жоқтамай.
Сыңсытып желге бұтағын
Қол бұлғап қалды Көптоғай.
Қайда деп сұрап қалардай
Айтуға жауап таба алмай.
Ақынын күткен Ашаққа
Тағы да кеттім бара алмай.
Әр төрде тұрды орының,
Орныңды төр деп жорыдым.
Қошалақ қалды әріде
«Сағынтты ғой - деп-қоңырым.»
Жаралған жыр ең дала үшін,
Енді сен алыс қарасың.
Нұржауда ұзын көшенің
Бойымен кетіп барасың.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жұмақта сені қайтсем жайлы етемін,
Жоқшылық бізде, апа, жайды етегін.
Базарда қайыршы ана қол жаяды,
Білмедім ұл-қызының қайда екенін.
Сезем мен сенің жаның жайлы екенін,
Пейілің тек жұмаққа сайлы екенін.
Ал бізде әйелдер жүр арақ сатып,
Білмедім ерлерінің қайда екенін.
Жарылған аяқ-қолы ол қасқалар
(Бұл елдің жігітінде болмас па Ар?)
Сендердің ғасырыңмен кетті ме өтіп,
Аңыз ғып өзің айтқан марқасқалар.
Бар бірақ, атаққұмар, таққа құмар,
Күндікке байлығы мен бақтары бар.
«Қожасы-Атамекен мына Мен» деп
Санаулы-ақ батыл кеуде соққан ұлдар.
Көзінде зейнеткердің жас тұнып тұр,
Қатыгездік дегенің басқа ұрып тұр.
Балгер, бақсы көбейіп бұл күндері,
Ауырудың сан түрі асқынып тұр.
Енді ешкімге келмейді еркелегім,
Тірі болсаң саған сыр шертер едім.
Тастандылар үйі бар сәби толы
Бүгінгі махаббаттан жеркенемін.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Нұрына таңның әсем
Боялды жасыл орман.
Мені еске алдың ба сен
Оралмас асыл арман?
Нұрына таңның әсем
Боялды жасыл орман.
Мені еске алдың ба сен
Оралмас асыл арман?
Қалампыр гүлін көрсем
Еске алам кешір, күнім,
Басқа үйде бүл күнде сен
Айтсаң да бесік жырын.
Аймаққа көктем келді
Қақпаймын есігіңці,
Ұмыт деп өткендерді
Сұрама кешірімді.
Жүрек те суынған бір
Жылымас рас, жаным.
Көріп пе ең жұлынған гүл
Қайтадан бүр ашқанын.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қырларына гүл өсетін не түрлі,
Жарылқайтын жесірлер мен жетімді.
Біз мекендеп жүрген осы жер үсті
Кейде маған жұлдызды әлем секілді.
Өз-өзіңмен өтіп жатыр әр кешің,
Күндіз тағы өз ісіңмен әуресің.
Жұлдыз сынды жарқыраған адамдар
Жақын барсаң түсірмейді сәулесін.
Бірде батыл, бірде дана, ақынбыз,
Жүректегі армандармен жақынбыз.
Жолықпайтын метеориттер тәрізді
Әр бағытпен ағып бара жатырмыз.
Айналасын қорғап әркім үйінің,
Тілеп кетті өзі шығар биігін.
Жанып біткен планета сияқты
Шаша алмадық, басқаларға мейірім.
Жұлдыз, жұлдыз!
Биіктіктің сәні еді,
Алыс қарап тұрсақ сондай әдемі.
Неге салқын болады екен, япырмай,
Жарқыраған жұлдыздардың әлемі?..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жұбан-аға, ғашық ең гүл-өмірге.
Сызат түсті-ау сол күні жүрегіңе.
Әлі айтады көргендер ерлігінді
Қадіріңді көрмеген біледі ме?
Санасыздар тындады, күлді, кетті,
Уақыт өтті жаралап бір жүректі,
Сен қасқайып тұрғанда, сыр білдірмей,
Қолындағы ақ парақ дір-дір етті.
Сонда сенің сөзіңді Ерлік дедік,
Біз ерлікті көзбенен көрдік дедік.
Одан кейін тағы да қалған қазақ
Руларға араны бөлдік келіп.
Елдік емес, ісіміз бас пайдалық,
Ертеңгіні жатпаймыз әсте ойланып.
Қол соққанмен сөзіңе, өлгеннен соң,
Қабіріңе тоғыз жыл тас қоймадық.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Біздің ғасыр - ғасыры біліктінің,
Айға аттандық көкті де тіліп бүгін.
Ал мен, достар, шынымды бүкпей айтсам,
Ауыстырған жүрекке күдіктімін.
Иемдену жүрегін басқа адамның...
Болмас па екен өзгеше тапса амалын!?
Нашарлаған жүрегі мына науқас
Алмақшы ма жүрегін жас баланың?...
Жатқан науқас өмірге адал адам,
Өз жүрегін өзге үшін жаралаған.
Ол кеудеге қонатын анау жүрек
Иесі талай әлсізді қаралаған.
Маған осы әрекет ұнамады,
Жүрек қарыз қанша өмір сүре алады?
Науқастікі өмірге ғашық еді,
Анау сүйіп көрмеген бір адамды.
Келе ала ма жүрек, ми бір ұғымға,
Бірі болса көңілде, бірі - мұнда.
Мынау жүрек аяғыш адамдарды,
Дір етпеген ал анау ғұмырында.
Адал жанға сұм жүрек бағына ма,
Жылжыта ма су жүрек қанын алға
Машинаға салатын бөлшегіндей
Лайығы өзінің табыла ма?
Ғасыр ғажап туғызған нелер дарын,
Білем, сенем дамыған өнер барын.
Ауыстыру жүректі деген сөзге
Мен, әйтеуір, әлі күн көне алмадым.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жүрекке жігер қосады,
Жолшыға құшақ тосады.
Қызғалдақ толы беткей деп
Айтады сені Жосалы.
Адамның жоқ деп осалы,
Мақтауың тағы асады.
Жер асты тұнған бояу деп
Айтады сені Жосалы.
Қырында киік жосады,
Көлінде құстар қосағы.
Сыры мол туған даламның
Бөлігі сенсің Жосалы.
Шырқалған сенде дос әні,
Қоштассам қайта тосады
Айналып қайта келгенше
Аман-сау болшы Жосалы.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Таңданам Дала - батыр атағына!
Ғасырдың сырын жинап жатады да.
Жаңадан қоныстанған жас ауылдың
Барады мола қалып қатарында.
Бәрін де ұқыпты қол әспеттеген,
Жоқ мұнда іс бітпеген, тас жетпеген.
Шаруасы тынып болған бәрінің де
Көбінің арманы жоқ, жас кешеген
Қайтамыз тағзым етіп, жаяу шығып,
Тілейміз тыныш ұйқы, ояу тұрып.
Бірақ біз тірілерге көрсетпейміз
Осынша ілтипат пен аяушылық.
Өлімнің өкініш бар арасында,
Жай-күйге ол қатігез қарасын ба?
Ауылда қызған өмір, тірі пенде
Арыздап бір-бірімен таласуда.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Қиялым ұшқыр желімен дала жанасып,
Келемін таныс белестен зулап әрі асып.
Аспанның мынау астына сыймай қалғандай
Үстінде жолдың қос торғай жатыр таласып.
Таласып жатыр бір-бірін қуып шеткейге,
Біріне бірі жолымнан әлде кет дей ме.
Керексе қоныс кең әлем толы көк орман
Жалғыз-ақ бұта жүзіне соның жетпей ме?
Таласып жатыр қанатты шаңға көмбелеп,
Біріне жеңіс, біріне әділ жол керек.
Қарайтын емес төніп те келген ажалға
Қағады-ау енді зуылдап өткен дөңгелек.
Сірә, бұл талас жатқан жоқ жүріп дән үшін,
Жатқан жоқ жүріп баянсыз бақыт-бақ үшін...
Кішкене тұмсық топшының қанын ағызып
Торғай да босқа қалмақ-ау қорғап намысын.
Не жетпейді екен, жөнімен ұшса болмай ма,
Тал деген көп қой қалауын тауып қонбай ма?
Кім білген мынау күреске толы өмірдің
Алаңы ортақ екенін тіпті торғайға...
Дөңгелек зулап төнгенде тағы кенеттен,
Сорлылар деп ем көзбе-көз ажал кереккен.
Қас қағым сәтте жан-жаққа ұшып құтылды
Торғай да болса қанаты барға не жеткен!..


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Читада,
Киевте,
әр жақта,
Владивостокта
аулақта,
Толқынмен алысқан теңізде,
Жиі хат жазыңдар солдатқа.
Аңсаған алыста ауылын,
Құрбысын, бірге өскен бауырын.
Жиі хат жазыңдар солдатқа,
Сағынған Сарыарқа жауынын.
Қыздар-ау, өздерің жолдаған
Хаттардың теңдесі болмаған.
Сендер хат жазыңдар солдатқа,
Түндердің тынышын қорғаған.
Читаға,
Киевке,
әр жаққа,
Владивостокқа,
аулаққа,
Қыздар-ау, ұмытпай
Жиі хат жазыңдар солдатқа.


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

(Марияға)
Не десем екен, не десем,
Күлімдеп тұрған жеңешем.
Бір кезде мынау ауылдың
Аруы едің ең әсем.
Аға үшін сұлу, көркемім,
Бір кезде сен де өрт едің.
«Еркежан» дедің япырмай,
Дара өскен, рас, ерке едім.
Жылы сөз - жанға мол медеу,
Жарасар ма екен ол теңеу.
Анадан ерке туғанмен,
Өмірге қиын еркелеу.
Жүзіңнің жылы жарқыны-ай,
Өзгеру білмес қалпың-ай.
Қыздардың назын көтерген
Даламның дархан салтын-ай.
Қалсам ба тыңдап сырыңды,
Бөліссем бе екен мұңымды.
Бір күндік ерке наз күлкі
Ұзартар ма екен ғұмырды?
Мінезің ашық ұнады,
Ұсынған шәйің тұр әлі.
Жүзіңде сенің - мейірім,
Ал менде - өмір сұрағы.
Не десем екен, не десем?
Жанымды жырға бөле сен.
Аға мен дала бағына
Жайраңдап тұрған жеңешем...


Тип произведения: 
Произведение классика
Добавить закладку 

Жерлестер, едіңдер ғой қайсар бәрің,
Ақынға қалдырындар ой салмағын.
Шыңдалған арпалыстың сан түрінен
Тәңірім қуат берсін, жайсандарым.
Шыдандар, сыр бермендер, ұяттылар
Кеудеден «көбік шашқан» күй атқылар.
Әр толқын қанша соқса міз бақпайтын
Жайықтың жарқабағы сияқтылар!